• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 16:43:04
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

23 Сәуір, 2019 Саясат

Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде  елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын айтқан болатын.

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде қорытынды сөз сөйлегеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні шырқалып жатқанда көзіне жас алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 'QK' журналының youtube.com каналына сілтеме жасап.

"Біздің мақсатымыз – ел тұрғындарының жағдайын жақсартып, қоғамды одан ары өркендету. Барлық елдермен салыстырғанда біз үлкен де, кіші де мемлекет емеспіз. Мынау кеңістіктегі жағдайымыз қиын да, оңай да, екі жағдай да бар. Осындай заманда артта қалмау үшін, басқа елдің шаңын жұтпау үшін, бірлік керек. Бірақ біздің жағдайымызда керауыздарға сөз беріп қойсақ, елдіктен айрыламыз, тәуелсіздіктен жұрдай боламыз», –  деді Елбасы.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір