• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 22:02:34
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

23 Сәуір, 2019 IT

Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді

Galaxy Fold моделі жасаушылардың өзін таң қалдырды әрі үлкен қызығушылық туғызды.

Біршама уақыт бұрын Samsung компаниясы мүлде өзгеше, ешкімді қайталамайтын ұялы телефон жасады. Өте жұқа дисплей жасау үшін иноовациялық материалдар мен технологиялар қолданылды. Galaxy Fold моделі жасаушылардың өзін таң қалдырды әрі үлкен қызығушылық туғызды.

Көптеген адамдардың пікірінше, бұл гаджеттің нарықта сұранысқа ие боларына күмән жоқ. Ал кейбіреулер қолдану мүмкіндігін жақсарту үшін смартфонды әлі де дамыта түсу қажеттігін айтады. Кері байланыстың берер бағасы толық жақсы болуы үшін Samsung компаниясы Galaxy Fold өнімінің нарыққа, жалпы сатылымға шығарылатын уақытын шегерді. Қолжетімді сауда айналымына шығатын уақыт алдағы күндерде белгілі болмақ.

Алғашқы тексеру жұмыстары дисплейден бірқатар ақаулар тапты. Сырт пішіні өте жұқа болғандықтан, ішкі механизмдер біршама қысылып қалған. Сондай-ақ, құрылғының басқа бөліктері экранға әсер ететіні анықталған.

"Біз смартфон дисплейінің қорғанысына тағы да күш саламыз. Сонымен қатар, қолданушыларға экранды қорғайтын қосымша қорғаныш жапсырмасын пайдалануды ескертеміз", - делінген компания мәлімдемесінде.

Тұтынушылар сенімі – компанияның ең басты құндылығы. Компания қызметкерлері өз тұтынушыларына әрдайым даму үдерісінде болатындарын, сапалы өнім шығаруға тырысатындарын жеткізді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір