• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:31:58
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2015 NEWS

«Қазақ дауысы» Халықаралық ән байқауы: БАС ЖҮЛДЕ – МИЛЛИОН ТЕҢГЕ!

«Қамшы» ақпараттық порталы мен Ugai продюссерлік орталығы ұсынады

«Қамшы» ақпараттық порталы мен Ugai продюссерлік орталығы ұсынады

Байқаудың мақсаты:

Тұнығы лайланған бүгінгі қазақ әуеніне тың серпін беру. Шын таланттарды сұрыптап, қазақ руханиятының төріне шығару.

 

Қатысу шарттары:

  1. Қазақ әнін шырқайтын кез келген адам қатыса алады(ұлтына, мемлекетіне, нәсіліне, жасына, жынысына шектеу қойылмайды).
  2. Қатысушы байқауға ұсынатын әнін жанды дауыста орындап, видеонұсқада «Қамшы» порталының эл.пошта, вацап, вичат, фейсбук.... парақшаларына жолдайды(Видео сапасына талап қойылмайды. Орындаушының бейнесі мен дауысы анық естілуі қатысушының өзіне тиімді).
  3. Байқауға қатысушы суреті мен өзі туралы шағын мәліметті қоса жіберуі тиіс(эл.пошта, телефон...).
  4. Қатысушы байқауға ұсынатын әнін орындаудың алдында мына сөздерді айтуы міндетті: «Қамшы» порталы ұсынған арнайы «Қазақ дауысы» жобасы үшін мен(біз)   аты-жөні әннің аты(мәлімет) – ын орындаймын(-ыз). Қабыл алыңыздар. Егер сіздерге ұнап жатса, осы видеоға дауыс беріп, пікір қалдыруларыңызды сұраймын.
Формасы: https://youtu.be/UruKp5jKk7U https://youtu.be/mdBs5sMOM3g https://youtu.be/KvnqIIRcA3U https://www.youtube.com/watch?v=AWFgtW79pw0&feature=youtu.be

Іріктеу:

  1. Жүлдегерлер тыңдарманнан жинаған дауыс саны мен арнайы әділ-қазылар арқылы анықталады. (Тыңдарман дауысы – 50 пайыз, әділ-қазылар(5 адам) – 50 пайыз).
  2. Youtube беті көрінбейтін мемлекеттер үшін әннің mp3 нұсқасы қоса жүктеледі.
  3. Байқау 6-айға жалғасады.

І тур. Байқауға қатысушылар ұсынған видео(өзі қалаған әнін орындайды) 25 маусымнан бастап жарияланып, 25 шілдеде аяқталады. ІІ турға өтушілер қортындысы 1 тамызда жарияланады.

ІІ тур. ІІ турға өткендер міндетті түрде қазақтың халық әні мен халық композиторларының шығармасын(Біржан сал, Ақан сері...) орындап, видеонұсқасын қайта жіберуі тиіс. Ол 5 тамыздан 25 тамыз аралығында жарияланады. ІІІ турға өтушілер қортындысы 1 қыркүйекте белгілі болады.

ІІІ тур. ІІІ турға өтушілер әділ-қазылар ұсынған өнер туындысын орындауы шарт. 5 адамнан құралған әділ-қазылар алқасы өздері дауыс берген қатысушыларға ән ұсынады. Видео 5 қыркүйектен 25 қыркүйек аралығында қабылданады. Соңғы турға өтушілер қортындысы 1 қазанда белгілі болады.

Қортынды. Жеңімпаз болған 11 қатысушы 5 қазаннан 25 қазанға дейін өзінің ең сүйікті әнін және әділ-қазылар ұсынған бір әнді(барлығы бір әнді шырқайды) жолдайды. Қортынды 1 қарашада жарияланады.

Бас жүлде - миллион теңге және бағалы сыйлықтар.

Алғашқы 10 жеңімпаз – ақшалай және бағалы сыйлықтар. Сондай-ақ, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен

Алматыда өтетін гала-концертте өнер көрсету мүмкіндігі.

Басталу мерзімі: видео қабылдау бүгіннен басталып, 25 шілдеде аяқталады. Ал сайтқа жариялау 2015 жыл 25 маусымнан басталады. Яғни «Қазақ дауысы» жобасына қатысушылардың ұсынымдары бүгіннен бастап 25 шілдеге дейін жалғасады. Одан әрі жаңа видео қабылданбайды. Видеоны ертерек ұсыну – қатысушының дауыс жинауына оң әсер етеді.

Қазылар алқасы:

Рамазан Стамғазиев

 Рамазан Стамгазиев

http://youtu.be/kIz5ycJwVKA

Еркін Шүкіман

Еркін

https://youtu.be/XTyn5K2OrzE

Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаева

Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір 2

Ұшқын Жамалбек (Алашұлы)

Ушкын

Ақпараттық серіктестер:

31 телеарна, abai.kz, alashainasy.kz, xalhar.net, senkazakh.com, "Жұлдыздар отбасы" журналы(күн сайын толығып отырады)...

(Байқаудың деңгейін көтеретін ұсыныстар болып жатса, байқау шарттарына ішінара өзгерістер қосылуы мүмкін.)

E-mail: [email protected], [email protected]

Вацап: 8-777-843-11-95

Вичат: qazaqdauysy

QQ: 948705083

VK: http://vk.com/qamshy2

Instagram: qazaqdauysy

Facebook: http://www.facebook.com/qamshy

Тел: 8-727-273-33-14

https://www.youtube.com/watch?v=qUapQp9k5WU
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір