• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:58:52
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2019 Аймақтар

Маңғыстау облысында дуадақ популяциясын көбейту мақсатында жыл сайынғы дуадақ құсын табиғат аясына жіберу шарасы өткізілді

Маңғыстау облысында дуадақ популяциясын көбейту мақсатында жыл сайынғы дуадақ құсын табиғат аясына жіберу шарасы өткізілді

Бүгін, «Шейх Сурур және шейх Саиф Бин Мухаммед Аль Нахаян» атындағы қордың ұйымдастыруымен Маңғыстау ауданының Сай-Өтес ауылында біраздан бері қалыптасқан дәстүрге сәйкес Маңғыстау облысының Кендірлі-Қаясан қорықтық аймағындағы дуадақ популяциясын көбейту мақсатында жыл сайынғы дуадақ құсын табиғат аясына жіберу шарасы өткізілді. Жоба, жойылып бара жатқан сирек кездесетін дала құстары ретінде Қызыл кітапқа енгізілген, дуадақ құсының популяциясын сақтау және қалпына келтіруге бағытталған.дуадақ

Осы жылы 600 құсты табиғат аясына жіберу жоспарланған. Құстар Түркістан облысында өсіріліп, ұшақпен жеткізіледі. Қор табиғат аясына жабайы құсқа генетикалық жағынан барынша жақын дуадақты жіберуді көздейді, сол себепті жабайы және өсірілген құстың арасында үлкен айырмашылық жоқ. Жылдың суық кездері дуадақ қыстық вольерлерге орналастырылады, оның ішінде арнайы қондырғылар арқылы дуадақтың ұшуы кезіндегі табиғи жағдайларға барынша бейімделген температуралық, жарық және басқа да режимдер қамтамасыз етіледі. Аталғанның барлығы құстың өзін қоныс аударып ұшып бара жатқандай сезінуі үшін жасалады. Аталған санаттан бөлек, қазақ даласына 2009 жылдан бері жыл сайын Абу-Даби қаласында өсірілген құстар жіберіледі.дуадақ

Бұл жоба дуадақ құсының барлық тіршілік ету ареалы бойынша жойылып кетуін болдырмау мақсатындағы халықаралық дуадақ құсын өсіру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Бағдарламаны Халықаралық дуадақты қорғау қоры (ХДҚҚ) жүргізеді, қордың негізін БАӘ президенті, шейх Халиф Бен Зайд аль-Нахайян дуадақтың санын әлемдік деңгейде қалпына келтіру және сақтау мақсатымен қалаған. Құстардың өмір сүруіне ең қолайлы орындарды анықтау үшін Қазақстанға өзге елдерден эколог-мамандар келді.дуадақ

 Шараның қаржыландырылуы Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетімен, жекелей алғанда жоғары мәртебелі шейх Сурур мен шейх Саиф Бин Мухаммед Аль Нахаянмен, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Аталған шара біздің елдеріміздің арасында қол қойылған халықаралық келісімдердің аясында 2001 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан табиғатты қорғау бағдарламаларын дамыту мақсатында өткізіліп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауы арқасында шара жыл сайын өтетін мәртебеге ие болды. Осының арқасында серіктестік басталған уақтыттан бері өңірдегі экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұру бағытында пайдалы тәжірибе жинақталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір