• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 15:35:44
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

24 Сәуір, 2019 NEWS

Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?

Екінші тапсырма бойынша үміткер жазушы Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» кітабынан үзіндіні эмоционалды түрде, мәнерлеп, дауыстап оқып шықты.

2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтының дерегін негізге алып. 

Лингвистикалық емтихан барлық үш кезеңде бойынша өтті: тақырып бойынша жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және лингвистикалық комиссия берген тақырыпқа көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Емтихан тапсырылғаннан кейін лингвистикалық комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады.

Комиссия жұмысы ашық және жариялы түрде жүзеге асырылды, ал бұқаралық ақпарат құралдары шешім қабылдау процесін байқауға мүмкіндік алды. Отырысқа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сүлеймен Ләззәт Жаңылысқызы қатысты.

Жазбаша жұмыстың тақырыбы "Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері" болды. Жазбаша жұмысының мазмұнында Абай шығармалары мен еңбектерін терең білетіні байқалды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Жазбаша жұмыстың тақырыбы толығымен ашылған.

Екінші тапсырма бойынша үміткер жазушы Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үзіндіні эмоционалды түрде, мәнерлеп, дауыстап оқып шықты.

Үшінші тапсырма бойынша Президентке үміткер "Қазіргі Қазақстанның геосаясаты" тақырыбы бойынша өз ойын 15 минутта ауызша айтып берді. Ойын қазақша еркін жеткізді, сөйлем құрауы дұрыс.

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір