24 Сәуір, 2019 Саясат
Америкалық саяси өкіл: Зеленскийдің Қырымды қайтару туралы ойын қолдаймын
Америкалық өкіл Зеленскийдің Қырымды, Донбасстың бірқатар жерлерін қайтару турасындағы құлшыныстарын қолдайтынын айтты.
Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскийдің Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен мүмкін келіссөздерін АҚШ билігі қос қолын көтере қолдайды.
Бұл туралы АҚШ-тың Украина ісі жөніндегі мемлекеттік департаментінің өкілі Курт Волкер америкалық телеарналардың біріндегі тікелей эфирде мәлімдеді.
Волкер Зеленскийдің саяси позициясын қолдайтынын, оның Украинаның трриториялық тұтастығын сақтау, Қырымды, Донбасстың бірқатар жерлерін қайтару турасындағы құлшыныстарының дұрыс екендігін жеткізді.
"Оның мәлімдемелерінде айтылған, көтерілген мәселелер өте орынды және өте дұрыс. Ол Украинаның территориялық тұтастығын қайтаруды қалайды. Ол жерді өз қарамағына қайта оралтпақ. Зеленский алған бетінен қайтуды ойламайтын да секілді. Ресей мен Украина тікелей келіссөздер жасауы тиіс. Зеленскийдің Путинмен тікелей сөйлесуі – жаман шешім емес", - деді ол.
Америкалық өкіл орын алуы мүмкін тамаша перспективалар туралы айтты. Сонымен қатар, Волкердің ойынша, Ресейдің келіссөздердегі тартып алынған украиналық территориялар тұрғысындағы позициясының маңызды екенін атады.
"Ол жаңа президент болғаннан кейін өзгеше саясат ұстануы тиіс. Ең бірінші қадам ретінде Ресейдің оккупацияланған аймақтар жөніндегі көзқарасын, позициясын өзгертуге талпыныс жасау болуы керек", - деді америкалық өкіл.
Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын Путиннің кеңесшілерінің бірі Украинадағы сайлауға қатысты Ресей президентінің позициясы туралы айтқан болатын.
Путин Медведчуктың аузымен айтылған мәлімдемесінде Украина халқы кімді мемлекет басшысы ретінде таңдаса да, сол адаммен жұмыс жасауға талпынатынын айтқан-ды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір