• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:19:10
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 NEWS

27 жыл комада жатқан науқас есін жиды

Абу-Даби қаласының мұрагер ханзадасы Мухаммед бен Заид әйелдің неміс емханаларының бірінде емделуіне қаражат бөледі.

Біріккен Араб Әмірлігінің азаматшасы Мунира Абдулла 1991 жылы ұлымен және күйеу баласымен бірге жол апатына түседі. Әйел баласын құтқаруға ұмтылған кезде басынан ауыр жарақат алады.

Арада 27 жыл өткен кезде әлемнің ешқандай медицина қызметкері күтпеген жағдай орын алды. Германияда ем алып, нақтырақ айтсақ, комада жатқан Мунира жиырма жеті жылдан соң есін жиды.

Науқасты алдымен БАӘ-де, одан кейін Лондонда ем алады. 2017 жылы Абу-Даби қаласының мұрагер ханзадасы Мухаммед бен Заид әйелдің неміс емханаларының бірінде емделуіне қаражат бөледі.

Ханзада көмегінен кейін араға бір жылға жуық уақыт өткенде Мунира алғаш рет ұлының есімін атады. Баласының аты Омар Вебер еді.

Қазіргі уақытта науқас ем алу үдерісін Абу-Даби қаласында жалғастыруда.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір