• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:35:42
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 Саясат

Сайлау комиссиясының 92 қызметкері зорығып өлді

Президент дүниеден өткендерді "демократия жолындағы жауынгерлер" деп атады.

Индонезияның сайлау комиссиясында жұмыс істейтін 92 қызметкер дауыстарды санау барысында зорығып қайтыс болды. Бұдан бөлек 374 адам дәл осы себеппен ауруханаға түскен. Мемлекеттің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ариф Будиман дүниеден озған және зардап шеккен қызметкерлердің отбасына 2,1-2,5 мың доллар көлемінде өтемақы төлеуді ұсынды.

Будиманның айтуынша, мұнша адам өліміне сайлаудағы дауыстарды санау барысындағы зорығу себеп болған. Көптеген сайлау учаскелерінде адамдар тәуліктен аса уақыт үзіліссіз жұмыс жасаған. Сайлау комиссиясындағы қызметкерлерді зорықтыра жұмысқа жегудің дәрежесін төмендетуге уәде берілді.

Зорығу себебімен дүниеден өткендер арасында 15 полиция қызметкерлері де бар. Құқық қорғау органдарының мүшелері сайлаудан кейінгі жол-көлік оқиғаларымен айналысуда қаза тапқан.

"Қаза тапқандардың көпшілігі Шығыс Калимантанде, Солтүстік Суматрде, Шығыс Нус-Тенгарде, Батыс Явада, Оңтүстік Калимантанде, Шығыс Явада, Батыс Нус-Тенгарда, Джакарте мен Оңтүстік Сулавесиде", - деді Индонезия полиция штабының баспасөз хатшысы Деди Прасетио.

Индонезия президенті Джоко Видодо қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтты. Сонымен қатар, дүниеден өткендерді "демократия жолындағы жауынгерлер" деп атады.

Еске сала кетейік, Индонезиядағы президент сайлауы 17-сәуірде өтті. Елде президентті, парламенттің екі палатасының депутаттарын, провинциялар мен округтердегі құқық қорғау органдарының мүшелерін сайлады. 800 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс жасап, халықтың 82 пайызы сайлауға қатысты. Индонезияда дауыс беру мүмкіндігі бар халықтың саны – 192 миллион адам. Ресми қорытынды 22-мамырға дейін жарық көруі тиіс.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір