• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:16:20
Алматы
+12°

24 Сәуір, 2019 Дін

Оразаға кайдзен әдісімен дайындалу

Ораза кезінде күш-қуат беретін тағамдармен қоректенуді, бірақ мөлшерімен жеуді, ағзаңызды да, санаңызды да бірер уақыт аш жүруге үйретіңіз, дағдыландырыңыз.

Ораза десе, ешқашан ауыз бекітіп көрмеген адам бір ай аштықта жүруді ойлағаннан-ақ салы суға кетіп, «ұстай алмаймын, қиын ғой, қалай ұстаймын» деген ой туындауы мүмкін. Дінде зорлық жоқ. Алла адамға көтере алмайтын сынақ бермейді. Бұған діни тұрғыда емес, өмірлік қажеттілік деп қарап, ғылыми тұрғыда дәлелге сүйеніп, кайдзен әдісімен байланыстыра отыра дайындалып көрсеңіз, бәлкім, көзқарасыңыз өзгерер.

«Кайдзен» әдісі Жапонияда пайда болған. Ол «кай» – өзгеріс және «дзен» – даналық деген екі сөзден құралған. Әдістің авторы - Масааки Имаи. Оның ойынша кайдзен әдісінің кәсіпте де,  жеке өмірде де пайдасы мол. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматыдағы kaizen орталығының жұмысы жайлы көп сериялы мақалалар беруді қолға алды. Аталмыш орталықтың басты миссиясы – кайдзен түсінігінің кеңірек таралып, қолданысқа енуіне септік ету.

Ораза мен кайдзеннің байланысы қандай дейтін шығарсыз? Яғни бірден отыз күн оразаны ұстай алатыныңызға сенімсіз болсаңыз, төмендегі әдістерді пайдаланып, оразаға кайдзен әдісімен біртіндеп дайындалыңыз.

  1. Беймезгіл тамақтануды доғару

Таңғы, түскі, кешкі ас уақытынан бөлек күніне қаншама рет қосымша тіскебасар жейсіз? Жұмыстағы адам болсаңыз, біраз шектеу бар. Ал жұмыссыз, үй тірлігінде болсаңыз, сәл қиындау. Ендеше, бірінші кезекте орынсыз тамақтанудан тыйылуға әрекеттеніңіз. Бұл – әдет. Әдеттен арылу қиын. Бірақ бәрі өзіңізге айланысты. Тамақты тек уақытылы жеуге тырысыңыз. Бірден тыйыла алмайсыз. Дегенмен, таңғы ас пен түскі ас арасында ешнәрсе жемеймін деп өзіңізге сөз беріңіз де, соны орындаңыз. Сөйтіп, жалғастыра беріңіз.

  1. Нәпіл ораза ұстау

Сүннет амалдардың бірі – аптаның дүйсенбі, бейсенбі және айдың 15, 16, 17, күндері ұсталған ораза, яғни нәпіл ораза. Нәпіл деген ұстасаң сауап, ұстамасаң, күнә емес. Осы аталған күндері ораза ұстап жүрген болсаңыз, керемет болудың сәл-ақ алдында тұрсыз. Демек, ағзаңыз да, санаңыз да отыз күндік оразаға дайындалып жүр, ол сынақтан да сүрінбей өте аласыз деген сөз. Ал, егер өмірі бір рет те ауыз бекітіп көрмеген болсаңыз, ендеше, дәл осы аталған күндері ауыз бекітіп, ағзаңызды да, ой-санаңызды да, «ауыз бекіте аламын ба, әлде...» деген сенімсіздік жаулаған эгоңызды да үйрете беріңіз. Адам істегенді адам істейді.

  1. Оразаға дейін құнарлы тамақтану

Күнделікті рационыңызға бір мән беріп қарап көріңізші? Не жеп жүрсіз? Ұнды, тәтті, газды...тағы қандай? Одан да соның орнына күніне бір тал алма, қияр, қызанақ, түрлі салаттар, дәндер жеуге тырыссаңыз, сол сізге әл береді. Тәттіқұмар адам болсаңыз, одан да біртіндеп тыйылуға болады. Тәттінің орнына көкөніс, жеміс, түрлі дәндер алып жеп, біртіндеп ойыңызды да, ағзаңызы да үйретіңіз. Нәтижесі көп күттірмеді.

Ораза кезінде күш-қуат беретін тағамдармен қоректенуді, бірақ мөлшерімен жеуді, ағзаңызды да, санаңызды да бірер уақыт аш жүру қандай пайдалы екеніне сендіріп, дағдыландыруды дәл бүгіннен бастаңыз.

Және жоғарыда ұсынған кайдзен әдісі арқылы бір ай оразаға дайындалсаңыз, пайдасы тиері анық.

Материал жазу барысында kaizen орталығының тренері Мәди Занигиновтің эксперттік ойларына жүгіндік

Оқи отырыңыз:

Кайдзеннің 6 қағидасы. Жапондар өмірін қалай жеңілдетті?

Кайдзен орталығына кірдің – ғажайыпқа сапар шектің (фоторепортаж)

♦Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір