• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:49:01
Алматы
+35°

04 Наурыз, 2019 Денсаулық

Медициналық қызметтің сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді

Медициналық қызметтің сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында Медициналық–санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамытуға қатысты тапсырма бергені белгілі. Бұл мәселе 2016-2019 жылдарға  арналған «Денсаулық» бағдарламасында да атап көрсетілген. Сондықтан ең басты байлық – ­адам және онгың денсаулығы. Бұл орайда Үкімет пен тиісті министрліктер халықтың денсаулығын жақсарту жолында тиімді жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Назарбаевтың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына  ену  үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше  елдер (ЭЫДҰ)  мен Қазақстанның  дамуы арасындағы алшақтықты жою туралы тапсырмасы бар. Осыған байланысты қазіргі уақытта миедициналық қызметтің сапасын арттыру үшін соңғы екі-үш жылда көп жұмыс істелінді. Атап айтар болсақ,

дәрігерлердің жүктемесі азайтылды. 2018 жылы 1315 жалпы практика дәрігерінің учаскесі мен 79 педиатриялық учаске ашылды. Дәрігер мамандардың тапшылығын жою мақсатында 2019 жылы жоғары оқу орындарын бітіретін 5 мыңнан астам жас түлектің енді 1515-і жалпы практика дәрігері маманы болады. Оның үстіне дәрігер мамандығының тапшылығын жою үшін енді университет бітіргендер барған жерінде кем дегенде үш жыл қызмет істейді. Бұл міндетті. Екіншіден бұл қадам мамандардың сол жерде тұрақтанып қалуына септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта Медициналық–санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) қолжетімді ету аса маңызды болып отыр. Сондықтан үкімет пен тиісті министрлік медұйымдарды ірілендіру жұмыстары жүргізуде. Көптеген медмекемелер жеке инвестицияның қаражатымен салынуда. Соңғы екі жылда осындай 214 нысан пайдалануға берілді, оның 31 пайызға жуығы жекенің қаржысына салынған. 

Енді «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында созылмалы ауруларды

басқару бағдарламасы енгізілмек. Мұның тиімділігі өте зор. Өйткені сырқат емханаға немесе дәрігердің алдына ауруы асқынып кеткен кезде келмейді. Дәрігер маман да оның алдын алып отырады.

Тағы атап өтетін бір нәрсе, Президент тапсырмасына орай, 2019 жылдың басынан 36 мың учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы ұлғайтылды. Ол үшін мемлекеттік қазынадан  5,3 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Мұның барлығы айналып келгенде, Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асуда. Сондай- ақ жалақысы көтерілген учаскелік медицина қызметкерінің де жұмысқа деген ынтасы артады.

Цифрлану мәселесі Медициналық–санитариялық алғашқы көмек қызметінде өте тиімділігін көрсетіп отыр. Бір ғана мысал, Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен алынған дерекке сенсек, қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен жабдықтау 95,1 пайызға жеткен. Ал  қалалар мен аудан орталықтарында медициналық ақпараттық жүйені енгізу 100 пайыз болып отыр. Цифрландырудың нәтижесінде емханаларға келу 2 есеге, кезек саны 60 пайызға  қысқарған. Мұның барлығы да медицина саласындағы болып жатқан өзгерістердің барған сайын жақсы нәтижесін көрсетіп отыр. Демек алға жылжу бар. Бұл әрине, Президент тапсырмасының орындалуы мен «Денсаулық» бағдарламасының жемісі деп атап өту керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір