• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
26 Тамыз, 11:48:03
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

24 Сәуір, 2019 NEWS

Әдеби Оскарды "Путиннің Ресейі" алды

23 сәуірде Алматы қаласындағы «МЕЛОМАН «GRAND» сауда желісінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында әдеби кездесу өтті

23 сәуірде Алматы қаласындағы "МЕЛОМАН "GRAND" сауда желісінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында әдеби кездесу өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Шара барысында  «Алтын қалам 2018» байқауында «Жылдың үздік романы» атанып, Есенқұл Маманов атындағы бас жүлдені жеңіп алған Айдын Кәлімханның «Қашқын» роман-биографиясы мен талантты қаламгер Есболат Айдабосынның «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша оза шапқан «Ит тірлік» әңгімесі енген «ҚАШҚЫН» атты кітабы таныстырылды. «Алтын қалам» жүлдесіне қатысқан дарынды авторлардың таңдаулы әңгімелерінен құрастырылған «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ САТИРАСЫ» атты жаңа жинақ ұсынылды. Сонымен қатар, «Алтын қалам 2017»  бәйгесінде топжарған «Алашорда» және «Өмірдің өзі» кітаптарының тұсауы кесіледі. 

Алтын қалам

Бұдан бөлек биыл екінші рет Әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етілді.    Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді.  Жеңімпаздар «Алтын қалам» байқауы мен Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 61 сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сарапшылар сондай-ақ, қазіргі таңда сұранысқа ие әдеби жанрларды, үздік авторлар мен үздік кітаптарды атап өтті. 

Алтын қалам

 Сауалнама нәтижесінде келесі азаматтар жеңімпаз атанды:

Жылдың үздік баспасы — Meloman Publishing

Жылдың әдеби дебюті — Орал Арукенова "Правила нефтянки"

Кiтап like (оқырмандар таңдауы) — Асқар Нұрша "Путинская Россия: геополитический реванш или агрессивная оборона?"

Асқар Нұрша

Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап — Гүлнәр Бажкенова "Только не говорите, это слишком"

Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) — Олжас Құдайбергенов

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір