• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 20:16:24
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

24 Сәуір, 2019 Сұхбат

7 дәмнен жасалған "Қуат 7-нің" қандай құдіреті бар? (фото)

Иә алғашында мен өз отбасым үшін жасап жүрдім.

Қазіргі таңда дұрыс тамақтануға қатысты түрлі кеңестер айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ Қазақстан халқының барлығы бірдей дұрыс тамақтанудың ережелерін ұстанып жүр деп айта алмаймыз. Қытайдағы университеттердің бірінде мұғалім болған Әділбай Мәтқасымұлының да дұрыс тамақтануға қатысты бірнеше жыл зерттеу жүргізген. Ол жақында "Қуат 7" атты өнімін халыққа ұсынды. Әділбай Матқасымұлының айтуынша, бұл өнімнің денсалыққа пайдасы зор әрі артық салмақтан арылуға көмектеседі. Осыған қатысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әділбай Метқасымұлымен әңгімелесті. 

Дұрыс тамақтануды қалай күнделікті әдетке айналдыра аламыз?

Дұрыс тамақтану адамның денсаулығы үшін пайдасы зор екені белгілі. Кез келген тағамның денсаулыққа зияндысы мен пайдалысы болады. Тіпті пайдалы тағамның өзіндік шектеулері бар. Қанша жерден пайдалы болса да шектен тыс ішіп-жеп қойса ағзаға кері әсерін тигізеді. Сол себепті дұрыс тамақтанғысы келетін адам осы жайттарды да ескерген жөн.

Күнделікті біз тұтынып жүрген ағзаға зиянды тағамдардан нені атай аласыз?

Қазақ деген шәйді көп ішетін халық деп жатамыз ғой. Сол шәй ағзаға өте зияндылардың қатарында жатады. Біздің елдегі шәйдің көпшілігі экспорттан келетіні белгілі. Өндіретін елдердің қатарында Қытай мен Үнді елдері бар. Мысалы Қытай елі өзі шәй өндірсе де өздері бұл шәйді тұтынбайды. Не себепті? Себебі олар біледі мұның ағзаға кері әсер етіп, зиянын тигізетін. Сонымен қатар қазіргі жастар көптеп тұтынып жүрген тәтті сусындардың да ағзаға зияны көп екенін көпшілік біледі. Бірақ бұл сусындардан бас тарта алмайды.

Қуат 7

Сізді Қуат атты тағамды шығарып жатыр деп естідік. Бұл тағамды шығарудағы мақсатыңыз қандай?

Негізгі мақсатым адамдардың денсаулығына пайдалы тағамдардың санын көбейту. Бұл тағамды шығару үшін көп уақыт жұмсалды. Жақын арада халыққа жол тартпақ.

Бұл тағамның ерекшелігі неде? Неден жасалған?

Бұл 7 түрлі пайдалы тағам түрінен жасалады. Мен жаңа пайдалы тамақтың өзі шектен тыс қолданылса ағзаға зиян болуы мүмкін дедім ғой. Ал "Қуат 7" деген тағамда барлығы өз мөлшерімен жасалған. Әрбір өнімнің мөлшері есептелінген. Мұны қолдану арқылы адамдар өз ағзасына керекті азықты ғана береді. 

Сіздің бұл өніміңізді тұтынғандар бар ма? Олар қандай пікірде?

Иә алғашында мен өз отбасым үшін жасап жүрдім. Кейін таныстарым мен туыстарым қызығушылық танытты. Олардың барлығы жақсы пікірде деп толықтай сеніммен айта аламын. Бұл тағам арқылы белгілі бір аурудан жазылғандар да, салмақ тастағандар да болды. Осы тағамды 1 ай бойы үнемі ішкен бір танысым бірнеше келі салмақ тастады.

Әңгімелескен: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір