• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

25 Сәуір, 2019 Саясат

Путин мен Ким Чен Ын келіссөзі: ядролық мәселелер талқылануда

Путин өз атынан Ким Чен Ынды перзиденттік постқа қайта сайланғанымен құттықтады.

Владивостокта Ресей президенті Путин мен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын келіссөздер басталып кетті. Бірінші кезеңде мемлекет басшылары оңаша сөйлесті.

Путин өз атынан Ким Чен Ынды перзиденттік постқа қайта сайланғанымен құттықтады. Ресейлік көшбасшының айтуынша, оның бұл келуі екі ел арасындағы ядролық мәселелерді шешуге айтарлықтай ықпал етеді және байланыстың дамуын нығайта түседі.

Солтүстік кореялық ядролық мәселелер мен АҚШ қарым-қатынасы жөніндегі бағыттар бойынша Ким Чен Ын жасап жатқан жұмыстарды Путин қолдайтынын мәлімдеді.

Өз кезегінде Солтүстік кореялық лидер де Кәріс жарты аралындағы мәселелер жөнінде Путинмен пікір алмасуға үмітті екенін жеткізді. Сондай-ақ, Ресей президентімен болған келіссөз нәтижесіз қалмайтынына сенетінін қоса айтты.

Келіссөз Русский аралындағы Қиыр шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр.

Жеке әңгіме-дүкен аяқталған соң кездесу кеңейтілген форматта, екі ел делегаттарының қатысуымен жалғасады.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір