• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:06:58
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Ұйқымыз қашан қанады?

Ұйқыны қандыру үшін қанша уақыт керек?

Бір қарағанда бәрі оп-оңай көрінеді, ұйқыны қандыру үшін бар болғаны ұзақ ұйықтау керек. Бірақ осындай жеңіл жолды қалайтындар үшін жағымсыз жаңалық бар. Ұйқының қануы үшін ұйқы ұзақтығын бақылау керек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қатты шаршап, түнге дейін көз ілмеген адамның ұйқысы қанбайды. Бұл жағдай, әсіресе, түні бойы ертеңгі сессияға дайындалып немесе «тапсырманы өткізетін соңғы күн, үлгеруім керек» деп көз ілмеген студенттерге әбден таныс. Ал көп ұйықтаудың да кері тұсы бар екенін білесіз бе?  Ұзақ ұйықтау неге зиянды?

Жарты миллионға жуық ересек адам қатысқан Duration and All-Cause Mortality зерттеу жұмысында ғалымдар қызық заңдылықты анықтады. 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда денсаулығына байланысты мерзімінен ерте өмірден өту қаупі 12% құрайды екен. Ал күн сайын 9 сағаттан көп ұйықтауды ұнататындар үшін бұл қауіп екі есеге көп, 30% құрайды. Күніне 8-9 сағат ұйықтау жүрек қан-тамыр ауруларына шалдықтырады.

Жалпы дені сау, сергек болу үшін қанша сағат ұйықтау керек?

 Америкалық Халықаралық фонд бұл сұраққа шындап кірісіп, ұйқыны зерттеу үшін әлемдік деңгейдегі эксперттерден тұратын арнайы топ құрған. Онда денсаулық сақтау саласындағы атақты невролог, психитрлар, геронтологтар және педиаторлар жұмыс жасады.

Екі жыл бойы ұйқы туралы барлық материалдарды, оның ағзаға және денсаулықұа әсерін зерттеген. Нәтижесінде адамның жасына байланысты қанша сағат ұйықтауы керектігін анықтады.

Сергек және дені сау болу үшін:

    Жаңа туылған нәрестелер (0-3 айлық) - 14-17 сағат.
    Сәбилер (4-11 айлық) - 12-15 сағат.
    Балалар (1-2 жас) - 11-14 сағат.
    Мектеп жасына дейінгі балалар (3-5 жас) - 10-13 сағат.
    Кіші сынып оқушылары (6-13 жас) - 9-11 сағат.
    Жасөспірімдер (14-17 жас) - 8-10 сағат.
    Ұлдар мен қыздар (18-25 жас) - 7-9 сағат.
    Ересектер (26-64 жас) - 7-9 сағат.
    Қарт адамдар (65 жастан жоғары) - 7-8 сағат.

Бұл уақыт әр адамның күнделікті жұмысына, өмір сүру қағидаларына, жалпы денсаулығына да байланысты әртүрлі болады. Алайда, жасыңызға байланысты нормадан аз немесе көп ұйықтау ұйқының бұзылуына әкеліп соғады және денсаулыққа зиянын тигізетіні сөзсіз.

Ұйқыны қандырудың жалғыз жолы – ұйқы ұзақтығын қадағалау.

Ұйқының қанбауы әдетте екі жағдайда байқалады.

 Біріншісі, сіз уақытылы ұйқыға жата алмайсыз.

 Екіншісі, ұйқыдан уақытында ояна алмайсыз.

Бірінші жағдайдың шешімі адамның өзіндік дисциплинасына байланысты, ал екінші жағдай қиындау. Тіпті уақытында, сағат 23:00 ұйықтап, 6:30 оянып, барлық ережелерді сақтадыңыз делік. Алайда ұйқыңыз қанбайды, өзіңізді сергек сезіне алмайсыз. Мұның өз себебі бар. Себебі ұйқы – циклдық құбылыс. Ол 90 минуттан тұратын 5-6 аралықтан құралады. Цикл басында сіз ұйықтай бастайсыз, ортасына жақындағанда қатты ұйқыға кіресіз. Ал соңында дене оңай оятуға дайын болады, сондықтан оятқыштан немесе күн сәулесінен оңай оянып кетесіз.

Ояну тез және сергек болуы үшін оятқыш сағатты дұрыс уақытқа орнатыңыз. Оны іске қосу уақытын өзіңіз есептеуіңізге болады.  

Тағы бір нұсқасы - ұйқы сапасын бақылайтын және сізді сәтті оятатын арнайы мобильді бағдарламалардың біреуін пайдаланыңыз.

Егер адамды орташа есеппен күніне 8 сағат ұйықтайды десек, онда айына 240 сағат, яғни жылына 2888 сағатын ұйқыда өткізеді. Демек, бір жылдың 120 күнін ұйқыға арнайды екен. Сондықтан да дұрыс ұйықтап, өміріңізді жарқын өткізіңіз. Ұйқының маңызы зор екенін естен шығармайық.

 

 

 

Ақерке Дүйсенбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір