• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

29 Сәуір, 2019 NEWS

Түрікменстан президенті рэп оқып, желіні "жарды" (видео)

Ровач атты дүлдүлді президентке туған күніне тарту еткен-ді.

27-28 сәуір күндері Түрікменстанда ахалтеке жылқысының Ұлттық мейрамын атап өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТДХ сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш мейрамда Ашхабад қаласындағы орталық ипподромда көрме, концерт, цирк, спорттық жарыстар мен бәйге ұйымдастырылды.

Ахалтеке күнін атап өтуге ел президентінің өзі қатысты. Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің Ровач атты сүйікті сәгүлігімен серуендеген. Естеріңізде болса, біршама уақыт бұрын бұл дүлдүлге арнап өлең де жазылған еді.

Ровач

Бағдарламалардың ең шулысы мемлекет басшысының өз немересі Керимгулымен бірге сахнаға шығуы болды. Дуэт Ровач туралы әнді нақышына келтіре орындады. Әнін Керимгулы жазған туындыда президент рэп оқыды.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір