• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:17:04
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

26 Сәуір, 2019

Ақын Мешітбай Құттықовты еске алу кеші өтті

Ақын Мешітбай Құттықовты еске алуға арналған кеш соңы концертке ұласты.

Арал ауданында ақын, жазушы Мешітбай Құттықовтың 85 жылдығына арналған «Аралды сүю керек қайтқанда да» атты әдеби-әуенді кеш өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kyzylorda-news.kz сайтының дерегін негізге алып. 
 
Әдебиет жанрының барлық түріне қалам тербеген ақынның шығармашылығына арналған шараның шымылдығы ақынның өмір естеліктерімен түрілді. Одан әрі әдеби кешке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов ақынның тұлғалық келбетіне, шығармашылық жолына тоқтала келе ақынның ұрпақтарына ізгі лебізін білдірді.
 
Сонымен қатар, кеш барысында қаламгердің рухани інілері атанып кеткен Әнес Әуезов пен Жұмабай Жақыптар да ақынның саналы ғұмырында жасаған ерен еңбектерін ортаға салып, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Мешітбай Құттықовтың шығармаларын мектеп қабырғасында кеңінен насихаттау қажет екендігін тілге тиек етті. Ақын Мешітбай Құттықовты еске алуға арналған кеш соңы концертке ұласты.
 
Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір