• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:44:07
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

30 Сәуір, 2019

Жаңадан құрылған «Аманат» азаматтық платформасының міндеті қандай?

Алдағы сайлау науқанына дайындықты нығайту "Аманатқа»"жүктелді.

Алдағы кезектен тыс президент сайлауына қоғамдық мониторинг жүргізілмек. Бұл міндетті атқарып шығу жаңадан құрылған "Аманат" азаматтық платформасына тапсырылды.

Түрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың мүшелерінің басын біріктірген топ саяси науқанға барынша белсене қатысуға бел буып отыр.

"Аманат" азаматтық платформасы науқан кезінде 10 мыңнан астам қызметкермен жұмыс жасауға бел буып отыр. Осылайша аталмыш азаматтық платформа сайлау кезінде әр учаскеге бір өкіл жіберуге қауқарлы екенін танытты.

Бұл – азаматтық ұйымның бір ғана міндеті.

Сонымен қатар, олар әлеуметтік желіде дауыс берушілерді дайындау, оларды уақытылы ақпараттаныдырып отыру сияқты жауапкершіліктерді де өздеріне жүктеп отыр.

"Қазіргі науқанда студенттердің жағдайы қалай болмақ? Олар осы уақытқа тұспа-тұс емтихан тапсырады. Дауысты тұрғылықты мекен-жайынан береді ме әлді оқу орыны орналасқан қаладан ба? Осының бәрін нақтылау қажет. Сонымен қатар, сайлау шекаралары қатты ауысып жатыр. Шетелдегі қандастардың дауыс беруге деген дайындығы қаншалықты жеткілікті деңгейде?" - деп пікір білдірді Мұрат Әбенов.

Алдағы сайлау науқанына дайындықты нығайту "Аманатқа»"жүктелді. Ал аталған азаматтық платформа болса, аманатқа қиянат жасамауға әзір.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір