• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 15:39:27
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, "Қамшыңа" жазшы», – дейді әкем

30 Сәуір, 2019

Елбасы ізгілік шараларын нығайта түсуді міндеттеп берді

Қазір елімізде 800-ден астам медиатор жұмыс жасайды.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп, оған ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Отырыс барысында Елбасы жаһандық құбылысқа айналып келе жатқан ізгілік шараларын нығайтудың қажеттіліктерін атап берді.

"Әлеуметтік бірлікті нығайту үшін ізгілік институтын барынша ауқымды пайдалану қажет. Қазіргі уақытта Ассамблея қамқорлығымен 800-ден астам қоғамдық медиатор жұмыс істейді. Олардың белсенді араласуының арқасында тек өткен жылдың өзінде 20 мыңға жуық медиациялық келісім жасалды. Бұл - даулар қандай да бір ушығуға жол берілместен адамдар арасында шешілді", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сонымен қатар, ол түрменің адамды жақсылыққа тәрбиелемейтінін, қазақтың тарихында дала заңы түрме дегенді тұтынбағанын айтты.

Елбасының айтуынша, ізгілік, яғни, медитация институты сот жүйесінде, білім мен ғылым саласында, медицинада айтарлықтай дамып, келелі мәселелерді шешуге қауқарлы.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір