• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:13:41
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

26 Сәуір, 2019

Қызылордада уақыты тығыз кәсіпкерлердің ойын еріктілер жүзеге асыруда

"Оң қолың бергенді сол қолың білмесін"

Қызылордада қаржысы бар, пейілі кең, бірақ уақыты тығыз кәсіпкер-меценаттардың қайырымдылық жобаларын еріктілер тобы жүзеге асырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Жабырқаған жандардың жанынан табылатындардың бірі – Гүлнәр Сәрсенбай. Ол 2 бүлдіршіннің еміне қаржы жинауға үлес қосып, бірнеше отбасыны ұдайы азық-түлікпен қамтып келеді.

5 жылдан бері мемлекеттік мекемеде еңбек етіп келе жатқан ерікті "Оң қолың бергенді сол қолың білмесін" деген тәмсілді берік ұстанады. Гүлнәр балғындардың көңілін көтеру үшін түрлі ертегі қойылымдарын, мультфильм көрсетілімдерін ұйымдастырып жүр.

Жомарт жандарды игі шараларға ұйыстыра білген ол өңірдегі барлық мұқтаж отбасылар еріктілер назарынан тыс қалмайтынын айтады.

"Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың тізімі бар базасы жасақталған. Сол отбасыларға мүмкіндікке қарай азық-түлік себетін апарып береміз. Мерекелерде ол үйлерде науқас, ерекше жағдайды қажет ететін балалар болса, біз мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында әртүрлі қойылымдар қоюға тырысамыз. Оларға сыйлықтар апаруға, ойыншықтар, бала тек тамақпен ғана күн көрмейді ғой. Оған ойыншық, ерекше эмоция керек. Біз соларды сыйлауға тырысамыз" ,- дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Сәрсенбай.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір