• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:39:44
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2019

Қазақ әдебиеті әлем тілдеріне аударылды

«Достық үйінде» БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылымы болып өтті.

Алатаудың баурайындағы алып шаһар Алматының іргесіндегі «Достық үйінде» БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылымы болып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтының дерегін негізге алып.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» аясында атқарылған жобаның таныстырылымына шығармалары алғашқы антологияларға кірген авторлармен қатар жобаға үлесін қосқан Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция, Қытай, Египет, және Таяу Шығыс елдерінің аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылар қатысты. 

қазақ әдебиеті

Салтанатты шараның шымылдығын ашқан ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева:

қазақ әдебиеті

«Өнер мен мәдениет қайраткерлері, қадірлі қонақтар 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басталғанына 2 жыл толды.Ұрпақ тағдырын тарих тереңіне бойлай отырып, болашаққа қажет қасиеттерді бойына сіңіруге бастау болған бағдарлама ұлттық рухымызға ерекше серпіліс әкелді. Бүгінгі жиында осы жұмыстың табысты өтуіне атсалысып келген барша халыққа зор ризашылығымды білдіремін. Әсіресе алыстан келіп отырған шетелдік қонақтарымыз соңғы бір жылда қыруар жұмыс атқарды» - деді.

қазақ әдебиеті

Аталмыш жоба аясында «Қазақстанның қазіргі поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстанның қазіргі прозасы антологиясы» әзірленді. Бұл жоба қазақ мәдениетін әлемге таныстырып, құңдылығын арттырып, байланыс орнатуға бағытталған. 160 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары әлемнің ең ірі 6 тіліне аударылып, беделді баспалардан шығып 5 құрлықтағы 90-нан аса елге жол тартты. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша жалпы саны 2 миллиард 600 миллион халық қазіргі қазақ әдебиетінің жауһарларымен танысуға мүмкіндік алады.

қазақ әдебиеті

Жиын барысында шетелдік қонақтармен қатар авторлар сөз алып аударма ісіндегі маңызды мәселелер талқыланды. Нақтырақ айтқанда, Қазақ әдебиеті үлгілерін шет тілінде сөйлету барысында аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету жайында сөз қозғалды. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір