• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:53:43
Алматы
+35°

Жапония императоры Акихито өз еркімен тақтан кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ император Акихитоның тақтан кеткенін жариялады және халық өкілі ретінде алғыс білдірді.

Тақтан бас тарту шарасы Токиодағы император сарайының "Сэйдэн Мацу-но-ма" залында өтті. Елдің барлық телеарнаcы телетрансляция жасады. Залда шамамен 300-ге жуық адам, оның ішінде - монарх жұбайымен, оның мұрагері Нарухито жұбайымен, императорлық отбасы мүшелері, сонымен қатар, биліктің үш тарауының өкілдері болған

Ғимаратқа, көне жазбаларға сүйенсек, ең алғашқы император Дзиммға тиесілі болған семсер, яшма, сондай-ақ, император мөрі мен Жапонияның мемлемкеттік мөрі әкелінген.  

Император Акихито өз қызметінде 30 жылға жуық отырған. 

Жапон императоры

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір