• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:17:41
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2019 Әлем

Бие тепкен соң 30 мың доллар тұратын айғыр сеспей қатты (видео)

Пікір жазған қолданушылар өкініш білдіріп, жылқышыларды сынға алды. Көптеген адамның пікірінше, айғыр салғырттықтан өлген.

Ғаламторда биенің айғырды бір теуіп өлтіргені жайлы видео кеңінен таралып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Видеоның нақты қай елде түсірілгені белгісіз. Дегенмен, түсіріп тұрған адамның сөзінен Мексика елінде түсірілген болуы ықтимал деген жорамал бар. 

Видеодан малшылардың жылқыларды шағылыстырмақ болғанын байқаймыз. Алайда, аспанға секіріп тұрған айғыр үшін бұл "кездесу" қайғылы аяқталды. 

Кадрдан әлдекімдердің биені қашаға кіргізіп, тыныштандырмақ болғаны анық көрініп тұр. Бірақ бие адамды айнала шауып, айғырды бір тебеді. Айғырдың сұлап түскеніне қарап, соққының өте жайсыз тигенін байқауға болады. Себебі, айғыр сұлап түсіп, ақырғы үнін шығарып, сеспей қатты. 

Пікір жазған қолданушылар өкініш білдіріп, жылқышыларды сынға алды. Көптеген адамның пікірінше, айғыр адамдардың салғырттығынан өлген.

Айғырдың асыл тұқымнан екендігін видео авторының "анау-мынау емес, 30 мың доллар тұрады" деген сөзінен аңғаруға болады.


Ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір