• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:01:22
Алматы
+35°

Жапон императоры – батыс саясатында аты көп атала бермейтін фигура болғанымен, оның сөзі аталған мемлекетте айтарлықтай бағаланады және онымен санасады. Ол жаңалықтар мен шулы оқиғаларда көп аталмайды. Конституциялық шектеулерге қарамастан, оның салмағы баршылық бұл елде.

30-сәуір күні император тағынан Хэйсэй өз еркімен түсіп, жолын мұрагерлік салтымен ұлы Нарухитоға берді. Жаңа император туралы қандай деректер бар? Бірге сараптап көрелік.

Нарухито 1960 жылы 23-ақпанда Токио қаласында дүниеге келген. Акихитоның үлкен ұлы бала кезінен бастап тақ мұрагері ретінде дайындықтан өтті.

Алғашқы ерекшелік

Ол – бірнеше ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрді бұзған император. Ғасырлар бойы Жапония императорлары өздеріне жар етіп Қытай империясынан қалыңдық алып келген. Бірақ Нарухито бұл санатқа жатпайды.

Нарухитоның анасы – өмір бойы католиктік сенімде келе жатқан қарапайым жапон әйелі. Қазіргі уақыттың өзінде шығыстың айтулы баспасөздерінде жаңа императордың тегі жөнінде түрлі әңгіме тарап жатыр. Қытай ханшайымнан тумаған император бұл елде тексіз саналады екен-мыс.

Жаңа император – "өрмекші адам"

Нарухито бала кезінен тауға өрмелеумен, виолончельде ойнаумен және бейсболмен әуестенген. Ол «Йомури Алыптары» клубына жанкүйерлік етеді.

Мектеп жасында жаңа император философияны тереңдете оқып, кейіннен осы бағыт бойынша жоғары білім алады. Оның дипломдық жұмысы археологиялық қазба жұмыстары барысында өзі тапқан ескі тарихтың іздеріне бағытталған. Тарихты жандандыру мен дамыту – Нарухитоның ғылыми тақырыбы.

Оксфордтың оғланы

Оқуын тереңдете түсу үшін болашақ император Ұлыбританияға келеді. Оксфордтың колледжінде екі жыл оқыған Нарухито "Темза және мен. Оксфордтағы жылдардан естелік" атты кітап жазып шығады. Аталмыш туындысында ол Британиядағы жылдарын, өмірінің бақытты сәттерін суреттейді. Білім алу барысында ол ешқашан тегімен көкірек қақпады, тіпті, қызметшілер де ұстамады. Басқа студенттер секілді Нарухито да бірнеше жігітпен бірге жатақхананың бөлмесінде тұрған.

Болашақ императордың жүрегін жаулаған кім?

80-жылдардың ортасында Нарухито Токиоға қайта оралды. Келе сала императорлық әулеттің түрлі шараларына белсенді түрде қатыса бастайды. Осындай шаралар кезінде ол Оксфорд пен Гарвардтың түлегі, дипломатиялық қызметпен жүрген Масако Оваданы кездестіріп, оған ғашық болады. Екеуі сол уақыттан бері бір сәтке де ажырамай, қол ұстасып бірге келе жатыр. Дегенмен, Овада жауапкершіліктен қорқып, Нарухитоның ұсынысынан екі рет бас тартқан. Сөйткен Масако күні ертеңнен бастап Жапонияның императрицасы атанбақ. Міне, жолы болды деген – осы.

Жаңа императордың мұрагері кім?

2001 жылы жұптардың арасында Аико атты қыз бала дүниеге келеді. Бірақ жапон заңы әйел адамға таққа отыруға рұқсат бермегендіктен, Нарухитоға бәрібір тақ мұрагері керек еді. Қазірге дейін болашақ императордың баласы жалғыз. Нарухитоның інісі Фумихитоның ұлы Хисакито бүгінде тақ мұрагері ретінде саналуда. Ұл баланың жасы қазір 13-те.

Су ресурсының "сұлтаны"

2000 жылдардан бастап, Нарухито елдегі су ресурсының пайдалану үрдісіне қатты шүйлікті. Ол аталмыш мәселеге байланысты әлемдік ұйымдардың мүшелігінде болып, тіпті, үшінші Халықаралық су форумының президенті атанды.

2009 жылы нарухито Вьетнамға іссапармен келді. Император әулетінен бұл елді коммунистік күштер басып алғаннан кейін келген алғашқы өкіл ретінде тарихта қалды. 2012 жылы оған император қызметін атқару бақыты бұйырды. Бұл уақытта оның әкесі отадан кейінгі қалпына келу ем-шараларын қабылдап жатқан. Дегенмен, императорлық қызметіндегі екі апталық жұмысында Нарухито ешқандай маңызды шешім қабылдаған жоқ.

Жаңа император өзінің тарихи қызметіне 1-мамырдан бастап, яғни, бүгіннен бастап кіріседі.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір