• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 04:50:22
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

02 Мамыр, 2019

«Әміре» көркем фильмі Америкада жүлдеге ие болды

«Әміре» көркем фильмі Richmond International Film & Music кинофестивалінде қос жүлдемен марапатталды

«Әміре» көркем фильмі Richmond International Film & Music кинофестивалінде қос жүлдемен марапатталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көркем туынды  «Үздік оқиғалы фильм» және фильмде басты рөлді сомдаған Санжар Мәди «Үздік актер» номинациясын иеленді. Осылайша екі бірдей марапат фильмнің қанжығасына байланды.

Кинотуындыда қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың жасын ғұмыры баяндалған. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да бейнеленеді.  

«Әміре» көркем фильмін ҚР Мәдениет және спорт минитсрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы және «DAR Play» компаниясы түсірген.

Richmond International Film & Music Festival – АҚШ өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум. 

Естеріңізге сала кетсек, «Әміре» фильмі көрерменге 2018 жылдың сәуір айында жол тартқан болатын. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін кинотуынды бірнеше жүлдемен марапатталды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір