• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:53:50
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2019 Саяхат

Студенттерге қолайлы әлемдегі 10 шаһар

Рейтинг көшін Чехия астанасы – Прага қаласы бастап тұр.

Әлемдегі барша студенттерге уақытша жұмыс тауып беруге көмектесетін App Jobs порталы ең қолайлы қалалардың тізімін жариялады. Рейтинг көшін Чехия астанасы – Прага қаласы бастап тұр.

Ал көрші Ресейдің астанасы Мәскеу қаласы осы санаттағы қалалардың ішінен екінші орынға лайық деп танылыпты.

Сарапшылар қалаларды бірнеше талаптар бойынша сынақтан өткізді: қаладағы беделді ЖОО-лардың көп болуы, ыңғайлы графикпен студенттерге арналған жұмыс орындарының көптігі, пәтер жалдау бағасы дегендей. Сонымен қатар, сарапшылар қалада өткізілетін концерттер мен мәдени шараларды да назарға алды. Тіпті, бір бокал сыраның бағасы да шешуіші критерийлердің бірі болса керек.

Нәтижесінде, студенттерге ыңғайлы ең үздік қала ретінде Прага аталды. Бұл қалада бір айға пәтерді 579 еуроға жалдауға, 1,2 еуроға бір бокал сыра ішуге болады. Сондай-ақ, бұл шаһарда еркін графикпен студенттерге арналған жұмыс орындарының саны – 261, ал ойын-сауық шараларының саны – 151. Көңілді әрі еңбекқор қала.

Ал Мәскеуде пәтерақы құны - 796 еуро, бір бокал сыра – 3,5 еуро. Ресей астанасында студенттерге қолайлы 42 жұмыс орыны бар. Сонымен қатар, Мәскеуде 300-ден аса мәдени шаралар өткізіледі.

Үздік үштікті Берлин қаласы түйіндеп тұр. Ал алғашқы ондыққа Пекин, Монреаль, Тайбэй, Манчестер, Токио, Вена және Сеул сынды қалалар кіреді.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір