• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:25:59
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2019 Әлем

Рамзан Қадыровтың қымбат көліктері (фото)

Шешенстан Республикасы басшысының кортежі ережеге сай Mercedes-Benz AMG-дан немесе Porsche-нің соңғы үлгісінен тұрады.

Иә, әңгіме Шешенстан Республикасының басшысы – Рамзан Ахматұлы Қадыровтың қымбат шетелдік көліктері туралы. Әртүрлі дереккөздеріне сүйенсек, бұл көліктердің иесі тікелей өзі болса да, ешбірі Шешен президентінің атына рәсімделмеген. Көліктердің қожайыны деп президенттің туыстары, достары немесе «Ахмат» спорт клубы көрсетілген.

Bugatti Veyron

Қадыров көліктері

Шешен Республикасы басшысының көлік тұрағында екі керемет гиперкараларға да орын табылған екен. Олардың ең жоғары жылдамдығы сағатына -400 шақырым. Біріншісі стандартты нұсқасында ұсынылып, оны Рамзан Ахматұлы өзі алған. Ал барлық шанақ панелдері айрықша карбонмен бөлінген екінші көлікті Шешен Республикасының өкілетті өкілінің төрағасы Тамерлан Мингаев сыйға тартқан.  Көліктің бұл нұсқасының бағасы 1,5 млн евроны құрайды екен.

Lamborghini Reventon

Қадыров көліктері

Италиялық брендтің айрықша керемет көліктерінің бірі – Lamborghini Reventon. Қадыровтың топтамасынан бұл көлікті де таба аласыз. Сатылымға бар-жоғы 20 көлік шығарылған және біреуі Lamborghini компаниясының мұражайына қойылған. Көліктің капотының астында оны сағатына 350 шаршы шақырымға дейін «ұшыратын» 650 л.с жасырылған. Мына бір жайт естен кетпес. Шығарылған кезде автокөліктің құны 1,5 млн доллар болған. Ал қазір коллекциялық нұсқасының құны 2,5 миллион долларды құрайды.

Mercedes-Benz SLR McLaren

Қадыров көліктері

Неміс концернінен шыққан классикалық «шағала қанатын» бейнелейтін спорттық купе 2000-жылдың басында пайда болған. Ол қуаты 650 л.с. құрайтын 5,5 литрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Қадыровтың топтамасында мұның америкалық нұсқасы бар. Ол нарыққа шыққан бойда басшының көлік тұрағына келіп түскен.

Қадыров көліктері

Рамзан Ахматұлы британдық автошабандоз Стирлинг Мосстың құрметіне шығарылған 75 Mercedes-Benz SLR McLaren Stirling Moss автоліктерінің бірінің иегері. Расталмаған ақпараттарға сүйенсек, автокөлік атақты рэпер Тиматиге сыйға берілген дейді. 

Aston Martin One-77

Қадыров көліктері

Кейбір жергілікті БАҚ өкілдері Қадыровты бірегей Aston Martin One-77 тізгінінде байқадық деп хабарлайды. Бар-жоғы 77 данасы өндрістен шыққан. Оның бәрі салтанатты тұсаукесерінен бір жыл бұрын сатылып кеткен. Капоттың астында 12-цилиндрлі V-тектес, көлемі  7,3 литр, қуаты 760 л.с болатын атмосфералық қозғалтқыш орналастырылған. 

Ferrari F430Қадыров көліктері

Мәскеудегі отандастарынан шешен басшына 30 жасқа толған күні ерекше сыйлық тарту етілді. Сенатор Омар Джабраилов пен кәсіпкер Руслан Байсаров Қадыровқа  аса қымбат қап-қара «Феррари"  сыйға берілген. Рамзан Қадровтың көптеген автокөліктері секілді споркар да «КРА» деген ерекше сериялы нөмірге ие болды.

Mansory

Қадыров көліктері

Рамзан Ахматұлы осы тюнинг-ательеге ерекше қарайды. Қауесетке сенсек, бірнеше жыл бұрын шешен басшысы Грозныйдағы үйіне Mansory тюнинг-ателье қожайыны Курош Мэнсориді шақыртқан деседі. Келіссөздер Шешен Республикасының аумағында өкілдігінің ашылуы туралы болған. Қадыровтың топтамасында құны 700 000 доллар тұратын Mercedes-Benz AMG GT Mansory, сонымен қатар, Mercedes G63 AMG Sahara Edition Mansory бар.Қадыров көліктері

Сонымен қатар, Шешенстан басшысының иелігінде Mansory-дің 6 дөңгелекті "құбыжығы"- Mercedes-Benz G 63 AMG 6х6 бар. 

Қадыров көліктері

ГАЗ-3102

Ертеректе Қадыровқа бірегей «Волга» 3102 көлігі сыйға берілген. Автокөлік 2008 жылы шыққан. Оған жөндеу жұмыстары жасалған. Қозғалтқышы Toyota-нікіне ұқсас түріне алмастырылған, автоматтық трансмиссия орнатылды, артқы бөлігі Volvo-нікі, салон түгелдей аппақ былғарымен қапталған, ал таңбаланған дисктері хромнан құйылған. 

Өзге отандық автокөліктер

Қадыров көліктері

Қадыров көліктері

Рамзан Қадыровтың автокөлік топтамасының ішінде Ресей автоөнеркәсібінен шыққандар да бар. Оның көлік тұрағында «Волгадан» өзге, ЗАЗ-968, Lada Priora және ВАЗ-2105 да орын тапқан екен.

Қадыров көліктері

Қадыров көліктері

Айта кетсек, Қадыров күнделікті мініске екі Chevrolet Tahoe GMT900 пайдаланады. Шешенстан Республикасы басшысының кортежі ережеге сай Mercedes-Benz AMG-дан немесе Porsche-нің соңғы үлгісінен тұрады.

 

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір