• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:20:05
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2019 Ғылым-білім

Эйнштейн аяғына шұлық кимеген. Неге?

Эйнштейн өте сәнді киінетін ғалым еді. Тек...

Эйнштейннің атын естімеген адам аз шығар. Оның ғылымға қосқан сүбелі үлесі, адам құқығы үшін өмір бойы жасаған күресі сыйлауға тұрарлық. Ғалымның тағы бір ерекшелігі – өмір бойы аяғына шұлық кимеген.

Әңгімені шұлықтан бастайық. Сіздерге де қызық болып отырған ерекшелік осы болар, бәлкім. Эйнштейннің екінші әйелі Эльза қайтыс болғаннан кейін ғалымды өзінің қалай киініп жүргені ойландырмаған секілді.

Жас кезінде жарқыраған жігіт ретінде танылған және әрдайым ерекше таза әрі жарасымды костюмдер киініп жүрген. Соған қарағанда, ғалымның әйелі оның сыртқы көркіне қатты мән берсе керек.

Эльза дүниеден өткеннен кейін Эйнштейнге Принстон университетінде профессор атағын берді. Осы қызметінен бастап әйгілі ғалым сәнді киінудің орнына ыңғайлы, ықшам киіне бастады. Ғалымның бұл өзгерісі көптеген адамның қызығушылығын туғызды. Енді ше? Алдыңызда спорттық жейде мен шұлықсыз сүйретпе киіп бара жатқан профессор көрсеңіз, сіз де күлетін шығарсыз.

Альберт Эйнштейн жаңа қызметке кіріскеннен кейін тағы да өзге нәрселерге уақыт таба алмайтын адамға айналады. Өзгелердің ол туралы қандай пікірде екені туралы ойлануға мұршасы да жоқ еді.

Ғалым өмірінің соңғы жылдарында нәсілшілдікке қарсы күресіп, белсенді түрде азаматтық құқықты таптауды біржола жоюға кіріскен. Дәл осы мақсатымен өмірде өтті.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір