• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:38:54
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

02 Мамыр, 2019

«Достық дастарханының» дәмі тәтті

Фестивальде  тағамдардың көрмесі, әзірлену әдістері, денсаулыққа пайдалы тұстары айтылды.

Алматыда "Достық" үйінде Қазақстан Қазақстан халқының бірлігі күніне арналан «Достық дастарханы» атты   тағамдар фестивалі өтті.    

Шараны Қазастан халқы Ассамблеясы аясында Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК, республикалық және этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды. Фестиваль әртүрлі этностардың Ұлттық таамдарымен танысу арқылы мәдениетаралық түсіністікті нығайтуды көздейді.

Айта кетер болсақ, бұл – жастарды этностардың тамақтану мәдениетімен және қонақжайлылығымен таныстырудың зор мүмкіндігі.

«Достық дастарқаны» фестиваліне Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қатысты. Сондай-ақ  Парламент Мәжілісінің, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, зиялы қауым мен этно мәдени бірлестіктердің өкілдері де болды.

Іс-шараның мақсаты – қатынасу мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстанда тұратын этностардың аспаздық дәстүрлері ерекшеліктерімен таныстыру арқылы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеу.

Фестивальде  тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістері, денсаулыққа пайдалы тұстары айтылды.

Шараға жиналғандар түрлі ұлттың дастарқанынан дәм татып, өнерпаздардың талантына тәнті болды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір