• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:27:15
+35°

03 Мамыр, 2019 Денсаулық

12 жыл комада болған жігіт: 10 жыл өзіммен сөйлесіп жаттым (видео)

Он жыл бойы досы да, әңгімелесетін сырласы да өз санасы болған.

Голливуд фильмдерінің үздік сценарийлеріне бергісіз бұл жағдай Англия азаматының басынан өткен. Мартин Писториус ұзақ уақытқа созылған комалық жағдайдан шығып қана қоймай, жылдарға созылған ұйқы кезіндегі санасындағы өзгерістер мен сезімдері туралы да айтып берді.


Өзге күндерден еш ерекшеленбейтін, күнделікті күйбеңмен өтіп жатқан бір күні Мартин өзін жайсыз сезінеді. "Жәй суық тигізіп алған болармын" деген оймен ұйықтап, тынығып алуды жөн санайды. Бірақ, сол ұйқыға кеткеннен бастап кейіпкер сөйлеу мен қимыл-қозғалыс жасау қабілетінен айырылады. Тыңғылықты тексеріс жүргізген дәрігерлер оған кома деген диагноз қояды.

2 жыл уақыт өткен соң ғана кейіпкер есін жиған. Ақыл-есі, ойлау жүйесі барлығы бастапқы қалпына қайта оралады. Бірақ, сөйлеп, қимыл-қозғалыс жасай алмаған соң өзінің оянғанын айналасындағыларға айта да, көрсете де, сездіре де алмайды. Осы себепті де Мартинге өзімен-өзі болып, тағы да бақандай 10 жыл уақытты құр өткізуге тура келді.

Мартин өзінің он жыл бойы ойымен оңаша болғанын жеткізді. Он жыл бойы досы да, әңгімелесетін сырласы да өз санасы болған. Солай жатып, ол математикалық қиын есептерді шешкен екен. Арада он жыл өткенде ғана оның қозғалу қабілеті ояна бастаған. Дәрігерлер оның комадан оянғанын біліп, дереу қалпына келтіру орталығына жеткізіп, Мартинмен жұмыс жасай бастаған.

Міне, 12 жылдан кейін ғана Мартин өзінің қалпына келді. Дендеген дертті жеңіп, отбасын құрып, оқу тәмәмдаған Мартин сияқты азаматтар кемде кем шығар, сірә?!

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір