• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:14:04
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда Қазақстан халықтары бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен концерттік бағдарламаны тамашалауға мыңнан астам көрермен жиналды.

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен концерттік бағдарламаны тамашалауға мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегін негізге алып. 

Атырауда Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар басталды. Сұлтан Бейбарыс алаңындағы концерттік бағдарлама мыңнан астам көрерменді жинады. Мереке қонақтары үшін жергілікті 500-ге жуық әртіс өнер көрсетті.

Атырау

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзінде ел аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен келісімі арқасында Қазақстанда бейбітшілік салтанат құрып тұрғанын атап өтті.

Атырау

"Қазақстанда 130, біздің облыста 20-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстан бүкіл әлемге дінаралық, конфессияаралық саясаты жоғары дамыған ел ретінде танымал. Біз бұл үлгі мен тәжірибені қазақстандықтарға  аманаттауымыз керек",-деді өңір тұрғындарына Нұрлан Ноғаев.

Мерекелік шаралар ҚР Ұлттық гвардиясы ансамблінің концертімен жалғасты. Бүгін сағат 20.00-де Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін аймақтағы шығармашылық ұжымдар мерекелік концерттік бағдарлама ұсынады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір