• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

04 Мамыр, 2019 Тәлім мен тәрбие

Жылаған баланы жұбату тәсілі

Бұл әдісті қолдансаңыз, ешкімді тыңдамай жылап жатқан сәби алғашқы секіндта-ақ жұбана қояды.

Кішкентай балалардың бір нәрсеге көңілі толмағанда, ұйқысы келгенде, қарыны ашқанда, қорыққанда жер тепкілеп жылайтыны бала өсірген кез-келген ата-анаға таныс жағдай болар. Мұндайда бәрінен маза кетеді. Еркелетіп, тәтті беріп жұбатпақ болса да, уанбаған балаға көпшілігі қарсы айқайлап жатады.

Жылап жатқан балаға айқайлау – ең төменгі және зиянды тәсіл. Дұрысы – бұл әдістен бас тарту, ашуыңызды ауыздықтап ұстау. Егер сіз айқайлай берсеңіз, балаңыздың еркіндігі азайып, жасқаншақтығы басым болмақ.

Біз ғалымдардың түрлә тәжірибелер арқылы дәлелдеген келесі тәсілін сізге ұсынбақпыз. Айтуларынша, бұл әдісті қолдансаңыз, ешкімді тыңдамай жылап жатқан сәби алғашқы секіндта-ақ жұбана қояды екен.

Біз көпшілігіне балаға қарауды ұмыт қалдырамыз. Анасы ас бөлмеде тамақ даярлап немесе телефонмен сөйлесіп дегендей, балаға назар салмай қояды. Әкесі болса да кешке бір-ақ келеді. Оның да бала қарауға мұршасы бола қоюы екіталай.

Өзін жалғыз сезінген бала айқайға басады. Өксіп жылаған баланың да бар сұрайтыны өзіне назар аудару шығар мүмкін?!

Егер балаңыз қатты жылап жатса, оның жанына келіп, құшақтап немесе арқасына қолыңызды қойып, көзіне тура қараңыз. Мейіріммен! Махаббатпен!

Міне, осы кезде әлгі уанбай жатқан кішкентайыңыз жылағанын сап қояды. Әрбір отбасы, әрбір сәби бақытты болуға тиіс.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір