• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Қыркүйек, 01:54:06
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі"

04 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Ринат Зайытов: Бұл — біздің соңғы мүмкіндігіміз (видео)

Аталмыш видео Youtube арнасына жарияланды.

Ринат Зайытов 2 мамырда тікелей эфирге шығып, сайлауға байланысты өз ойын білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видео Youtube арнасына жарияланды. 

Тікелей эфир кезінде танымал айтыскер өзінің Әміржан Қосановты қолдайтынын айтты. 

"Мен Әміржан Қосановпен жақын араласпаймын. Дегенмен сәлеміміз түзу, Құдайға шүкір. Партияның атынан Әміржан Қосановты ұсынған кезде бірден қолдай кеттім. Қазіргі кезеңде белгілі бір қитұрқы жайттар болады. СаМысалы 118 мың адамның қолы керек десе, олардың қатарында бірнеше биліктің арнайы адамдары болуы мүмкін. Кейін уақыт аяқталған кезде "біз қол қоймадық", - деп шу шығаруы әбден мүмкін. Сол себепті барынша артық қол жинауға тырысамыз. Қол жинауға мен өзім де баратын шығарымын. Негізінен түрлі алыпқашпа пікірлер көп. Бірақ менің ойымша, осы сайлау соңғы 30 жылдың ішіндегі біздің ең соңғы мүмкіндігіміз. Бұл соңғы мүмкіндік. Егер қайтадан бұрынғы билік қайтадан атқа қонып, қайтадан өзінің айналасын қоршап-қорғаштап, өздеріне ыңғайлы заңдар шығарып алатын болса, біз кемінде тағы 30 жыл дәл осылай өмір сүретін боламыз", - деді Ринат Зайытов. 

Сондай-ақ Ринат Зайытов Иманғали Тасмағамбетов туралы ойын да ашық айтты. 

"Оның сайлауға не себепті қатыспағанын мен білмеймін. Алайда соңғы 10 жылдың ішінде Иманғали ағамыз "ел болайық" деп үндеу тастайтын шығар деп үміттенген қазақтардың бірі менмін. Оның сайлауға қатыспағаны таза өз еркі-ау деймін. Мүмкін биліктің еркі шығар. Мен бұл туралы білмеймін. Бірақ оның сайлауға қатысқанын қалаған қазақтардың бірімін", - деп пікір білдірді айтыскер ақын. 

Тікелей эфирдің көрермендерінің бірі "Әміржан Қосанов нағыз халықтың адамы болса билік оның сайлауға қатысуына неліктен жол беріп отыр" деп сұрақ қойды. Ринат Зайытов болса Әміржан Қосановтың сайлауға дейін қатты әрі мұқият дайындалғанын айтты. 

"Әміржан аға сайлаудан бұрын мұқият дайындалды. Себебі нешетүрлі кедергілер болатын білді. Сол себепті біз сырттай тілеуін тілеп, тақым қысып отырдық. Дегенмен бұл сұрақты қол жинау аяқталған соң қою керек секілді. Себебі әлі күнге дейін біздің бойымызда қорқыныш бар. Қазіргі транзиттік президент уәдесін берді, сөзін берді. Бізді сайлаудың әділетті өтетініне сендірді. Ер азамат қой. Екі сөйлемейтін шығар. Қашанғы екі сөйлейді. Сайлаудан кейін қоғамның өзі қозғалып кететін шығар. Алайда дәл қазір бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару біздің міндетіміз. Қазір "Ұлт тағдырының" айналасына жиналған азаматтардың еркін ойлануға шамасы қалған адамдар. Әркімнің таңдауы өз еркінде. Мен Тоқаевқа дауыс беретіндерді де түсінемін. Басқа да кандидаттарға дауыс беретін адамдарды түсінуге тырысамын. Себебі әркімнің өз шындығы бар. Бірақ мен Қосановқа дауыс беремін. Өйткені кандидаттардың ішіндегі "бұл жүйені тоқтату керек" деген өз ұстанымы бар адамға мен сенемін" - дейді Ринат Зайытов. 

Айтыскер ақын өзінің де не себепті сайлауға түспегенін түсіндірді. 

"Менің біріншіден жасым келген жоқ. Екіншіден, өзімді елді басқара кететін адам ретінде санамаймын. Егер 10-15 жылда халықаралық мәселелерді шеше алатын жағдайға жете алсам қатысатын шағармын", - дейді Ринат Зайытов. 

Дайындаған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір