• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:39:40
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2019 Ғылым-білім

Ғалымдар айға соғылған метеоритті видеоға түсіріп алды (Видео)

Құлаған метеориттің әсерінен айдың бетінде тереңдігі 15 метр болатын шұңқыр пайда болған.

Айдың толық тұтылған уақытында испаниялық ғалымдар ерекше құбылысты байқап қалған. Осыдан кейін Уэльва университетінің профессоры Хосе Мария Мадьедо мен Андалусия институтының астрофизигі Хосе Ортис бұл құбылысқа өздері ғылыми жұмыс жазған.

2019 жылдың 21-қаңтарында тұтылу үдерісін қадағалап отырған ғалымдар Айдың бетінен ерекше бір жарықты байқап қалады. Олардың пікірінше, жер серігіне сол уақытта жылдамдығы сағатына 61 мың шақырымды құрайтын метеорит түсті деп болжам жасайды. Өйткені, аталмыш құбылыстың жарығын ешқандай телескопсыз да көруге болатын еді.

Мадьедо мен Ортис Испанияның оңтүстігінде орналасқан сегіз телескоптың көмегімен жұмыс жасайтын Айдағы іс-әрекеттерді бақылау мен сараптау жүйесін (MIDAS) қолданған. Осы жүйенің арқасында әлгі үдерістің видеосы да жария болды.

Қолда бар материалдарға сүйене отырып, ғалымдар метеориттің салмағы 45 кг, көлемі 30-60 см деп бағалады. Ал оның эквивалентті күші 1,5 тоннаны құраған. Құлаған метеориттің әсерінен айдың бетінде тереңдігі 15 метр болатын шұңқыр пайда болған. Ал метеориттің максималды температурасы Цельсий шкаласы бойынша 5400 градусты көрсетіпті. Бұл – күннің беіндегі от жалынмен бірдей градус. Соққы Лагранж кратерінің маңында орын алған.

Арнайы мамандар 0,28 секундқа созылған жарықты түсіріп алды. Бұған дейін ай бетіне қанша метеорит құласа да, оны таспаға тарту мүмкін болмай келген-ді.

"Жердегі зертханалардан мұндай құбылыстарды түсіріп алу негізінде мүмкін емес", - дейді Мадьедо.

Оның айтуынша, ай бетіндегі жағдайларды үздіксіз бақылап отыру ғалымдар көкейіндегі түйткілдерді шешуге көмектеседі екен.

Қаңтар айында ай бетіне метеорит түскенін америкалық ғалымдар да жарыса жеткізген. Лос-Анджелестегі Гриффит обсерваториясындағы зерттеушілер де бұл құбылысты видеоға түсіріп үлгеріпті.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір