• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Қыркүйек, 05:28:48
Кевин Гастон: Бұл табиғаттың құрдымға кетуі деген сөз

06 Мамыр, 2019 Дәстүр

100 әйелі, 500 баласы бар билеуші

Көп әйел алушылық Камерунда заңмен шектелген.

Қазіргі уақытта көп әйел алу үдерісі қайта жанданып жатыр. Кей-кейде ғаламтордан төрт-бес әйелі бар атқамінер азаматтарды көріп қалсаңыз, бет шымшитыныңыз анық. Ол түк емес екен. Камерундағы Бафу деген аймақтың билеушісі Абумбидің ІІ 100 әйелі бар болып шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Көп әйел алушылық Камерунда заңмен шектелген. Бірақ бұл тыйымдар Бафу деп аталатын кішігірм аймақтың королін алаңдатпайтын сияқты. Жүз әйел!

Барлығын алып қашан үлгеріп жүр деген сұрақ туады өздігінен. Сөйтсек, мәселе біз ойлағаннан оңайлау екен. Аталмыш аймақта әкеден балаға мұра болып, тақ пен мал-мүліктен бөлек әйел де қалады екен. Яғни, әкесінің үлкенді-кішілі барлық әйелі мұрагердің әйеліне айналады.

Абумби ІІ әкесі қайтыс болғаннан кейін өзінің бірнеше жұбайына қоса әкесінің 72 әйелінің жауапкершілігін жүктеді. Әйелдерінің жастары әртүрлі болғанымен, олар өзара өте тату тұрады. Үлкендері кішілеріне дәстүр жарғыларын үйретіп, ақыл айтып жүреді. Ал кішілері шет тілдерді меңгеріп, үлкендер айтқанымен мүлтіксіз жүріп-тұруға тырысады.

"Әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында кемеңгер әйел тұрады. Және ол жалғыз болмауы керек. Біздің салтымыз бойынша, үлкен әйелдер тек кішілерге ақыл үйретіп қана қоймай, күйеуіміздің нағыз король болуына көмек жасайды", - дейді Абумбидің ІІ үшінші әйелі журналистке берген сұхбатында.

Бафу билеушісі де өзінің осыншама тілекшісі мен қамқоршысы, қызмет қылар жұбайлары бар екеніне қуанышты.

"Менің мақсатым – ескі дәстүрлерді сақтап, заманауи құндылықтарды ішкерілендіру", - дейді Абумби ІІ.

Айта кетейік, оның тәрбие беру жауапкершілігінде өзінің кіндігінен, әлгі 100 әйелдің құрсағынан тараған 500 баласы бар.

Дереккөз: Microsoft News

Аударған: Әділет Мәдениет 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір