• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:43:08
+35°

06 Мамыр, 2019 Дін

Ораза жайлы 30 хадис

«Адамдардың ауыз ашуды кешіктірмеуімен амандыққа кенелуі жалғасады. Ауыз ашуды кешіктірмеңдер! Себебі, яһудилер ауыз ашуды кешіктіретін еді».

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына ораза жайлы отыз хадисті ұсынады.  

  1. «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  1. «Ұлы Алла Тағала айтты: «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза -  Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін». (Бұхари., Муслим).
  1. «Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді. Қиямет күні: «Ораза ұстағандар қайда?», – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кіреді. Олар кіріп болған соң, қақпа жабылып, одан басқа ешкім кірмейді». (Хадисті Сәһл ибн Саъдтан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  1. «Мен Расулуллаға (с.ғ.с.) барып: «Маған бір амал бұйырыңыз. Мен сол амалды орындайын», – деп айтқанымда, ол (с.ғ.с.): «Ораза ұста. Себебі, онымен тең келетін амал жоқ», – деп жауап берді». (Хадисті Әбу Умамадан (р.а.) имам Нәсәи риуаят етті.)
  1. «Қайсыбір пенде Алла Тағала жолында бір күн ораза ұстаса, Алла Тағала сол күн үшін оның жүзін тозақ отынан жетпіс жылға ұзақ етеді». (Хадисті Әбу Сағид Әл-Худриден (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  1. Басқа бір риуаятта: (Алла Тағала): «Ол өзінің тамағын, сусыны мен шаһуатын Мен үшін тастайды. Ораза мен үшін, оның сыйын Өзім беремін. Сондай-ақ, әрбір жақсылық он еселенеді» деген. (Бұхари)
  1. «Ораза - қалқан. Кім ораза ұстаса, ол күні арсыздық жасамасын, дауыс көтермесін. Егер оған біреу ұрысса немесе онымен дауласқысы келсе: «Мен оразамын!», - деп айтсын. Мұхаммедтің жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс, Алланың қасында жұпар әтірдің иісінен де жағымдырақ. Ораза ұстаушының екі қуанышы бар; аузын ашқанда ашқаны үшін қуанады және өзінің Раббысын кездестіргенде ораза ұстағанына қуанады (Бұхари, Муслим).
  2. «Рамазан келгенде жәннаттың есігі ашылып, тозақ есігі жабылады, шайтандар кісенделеді». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  1. «Сіздерден біріңіз ораза ұстаса, жаман сөз айтпасын, дауласпасын! Оны біреу балағаттаса немесе дауласса, ол: «Мен оразамын», – деп айтсын». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  1. «Кім жалған айтудан және жалғандыққа барудан тыйылмаса, Алла Тағала оның ішпей-жемей жүргенін қажет етпейді». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті.)
  1. «Сәресін ішіңіздер, өйткені сәресінде береке бар». (Хадисті Әнас ибн Мәліктен (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  1. «Біз бен кітап иелерінің (Таурат, Забур, Інжіл иелерінің) оразаларындағы айырмашылық – сәресі ішу». (Хадисті Амр ибн Астан (р.а.) имам Мүслім риуаят етті.)
  1. «Алла Тағала: «Құлдарымның ішінде Мен үшін ең сүйіктілері – ауыз ашуға асығатындары», – деп айтады». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Тирмизи риуаят етті.)
  1. «Адамдардың ауыз ашуды кешіктірмеуімен амандыққа кенелуі жалғасады. Ауыз ашуды кешіктірмеңдер! Себебі, яһудилер ауыз ашуды кешіктіретін еді». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Ибн Мажәһ риуаят етті.)
  2. «Ораза тұтушының ауызынан шығатын иіс Алла үшін мисктің (әтірдің) хош иісінен де жағымдырақ!» (Муслим).
  1. «Оны (яғни, Рамазанның туған айын) көріп ораза ұстауды бастаңдар және оны (келесі жаңа айды) көріп ораза ұстауды тоқтатыңдар. Егер ол сендерге көрінбесе, онда шағбанды отыз күнге толтырыңдар» (Бұхари, Муслим). Муслимнің нұсқасында: «…егер күн бұлтты болса, онда отыз күн ораза ұстаңдар», - делінген.
  2. Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) былай деді: Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды Рамазан кезінде қосымша түнгі намаздарды оқуға талпындыратын. Бірақ оны қатаң бұйырмайтын. Тек: «Кім Рамазан кезінде иманмен әрі Алладан сауабынан үміт етіп намаз оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», - дейтін.(Бұхари, Муслим)
  1. «Шөл басылды, тамырлар нәрге толды, Алла қаласа, сауап та бізді күтіп тұр» (Әбу Дауд 2357, әл-Бәйһақи 4/239).
  2. «Кімде-кім ауыз ашса, құрма-мен ашсын! Құрма таппаса, сумен ашсын, өйткені су пәк нәрсе». (Хадисті Салман ибн Амирден (р.а.) имам Әбу Дәуіт және имам Тирмизи риуаят етті.
  1. «Расулулла (с.ғ.с.) үнемі намаз оқудан бұрын аузын жаңа үзілген құрмамен ашатын. Жаңа үзілген құрма болмаса, кептірілген құрмамен ашатын. Ол да болмаса, бірнеше ұрттам су ішетін». (Хадисті Әнас ибн Мәліктен (р.а.) имам Әбу Дәуіт және имам Тирмизи риуаят етті.)
  2. «Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді». (Хадисті Зайд ибн Хәлид Әл-Жуһаниден (р.а.) имам Тирмизи риуаят етті.)
  3. «Нәби (с.ғ.с.) Умму Ъамараға (р.а.) кіргенінде, ол Нәбиге (с.ғ.с.) тамақ ұсынды. Нәби (с.ғ.с.): «Сен де алып же», – деп айтқанында Умму Ъамара (р.а.): «Мен оразамын», – деді. – Расында, ораза ұстағанның қолынан біреулер тамақтанып жатқан уақытта, періштелер ораза ұстаған адамға игілік тілеп тұрады, – деді». (Хадисті Умму Ъумара Әл-Ансариден (р.а.) имам Тирмизи риуаят етті.)
  1. «Мүмин өлгенде намаз бас жағында, садақа оң жағында, ал ораза сол жағында болады» (Зәкәрия Қандәһлеуи, Фәдәилү Ағмәл, 267-263).

  2. «Рамазан айының соңғы он күндігі кіргенде Расулулла (с.ғ.с.) түні бойы намаз оқитын, отбасын оятып, құлшылыққа ерекше ыждағаттылық білдіретін». (Хадисті Айша анамыздан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  3. «Расулулла (с.ғ.с.) Рамазанның соңғы он күндігін мешітте өткізіп: «Қадыр түнін Рамазан айының соңғы он күндігінен іздеңдер», – деп айтатын». (Хадисті Айша анамыздан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)
  4. «Ұмытшақтықпен жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені, расында, оны тамақтандырып, сусындатқан – Алла»  (Әл- Бухари 1933, Муслим 2/171).
  5. «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, әрі Қадір түнін шын иман және сауап үмітімен өткізсе, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Нәсәи риуаят етті.)
  6. «Мен: «Я, Расулулла (с.ғ.с.)! Мен Қадір түні болғанын білсем, не деп айтамын?», – деп сұрағаным-да, Ол (с.ғ.с.): «Я, Тәңірім! Сен кешірімдісің және кешіргенді жақсы көресің. Мені ғафу ет!», – деп тіле», – деді». (Хадисті Айша анамыздан (р.а.) имам Тирмизи риуаят етті.)
  7. «Ораза мен Құран қиямет күні құлға шапағат етеді» (Ахмед б.Ханбәл,Мүснәд, ІІ, 174).
  8. «Ораза – сабырдың жартысы» (Термези, Дәуәт,86).

 Жинақтап, ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір