• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 15:48:52
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

08 Мамыр, 2019 Спорт

Элизабет Тұрсынбаева үздік ондықтың қатарында

Олимпиада ойындары мен өткен маусымдағы әлем чемпионаттарының, сондай-ақ, Гран-при кезеңдері мен өзге де халықаралық жарыстардың үздік нәтижелері санаққа...

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Халықаралық конькимен жүгірушілер  одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа енді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұпай есептеу барысында Олимпиада ойындары мен өткен маусымдағы әлем чемпионаттарының, сондай-ақ, Гран-при кезеңдері мен өзге де халықаралық жарыстардың үздік нәтижелері санаққа алынды. 

Әйелдер арасында ресейлік Алина Загитова 4510 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Сатока Мияхара 3459 ұпаймен орналасқан. 3384 ұпай жинағантағы бір ресейлік Евгения Медведева үздік үштікті қорытындылауда. 

Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орында. Ол екі маусым қорытындысы бойынша 3108 ұпай жинаған. Ал жекелеген маусымда Элизабет төртінші орынға тұрақтаған. 

Еске сала кетейік, Тұрсынбаев өз мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір