• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 17:25:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

08 Мамыр, 2019 Кәсіпкер

Нәтиже көрсететін команда жинау жолдары

Майкл Блумберг өз қызметкерлеріне қалай мотивация береді?

Еліміздегі жеке кәсіпте немесе мемлекеттік ұйымдарда жұмыс жасайтын барлық мамандар, басшылар теориялық һәм тәжірибелік білім тұрғысынан толыққанды жетілген болуы шарт.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі өз оқырмандарына қандай да бір пайдасы тиер деген оймен басқарудың, өнімді еңбек етудің түрлі әдістерін жариялап келеді. назарларыңызға Майкл Блумбергтің команда жинауда пайдаланатын 7 қағидасын ұсынбақпыз.

Bloomberg LP агенттігінде 1200-ден аса қызметкер жұмыс жасайды. Компанияның халықаралық аренадағы беделінің жоғарылығы сонша, бұл агенттік таратқан ақпараттарға кәсіпкерлер, тіпті, күмән келтірмейді. Майкл Блумберг мұндай жетістікке жетуінде ешқандай құпия жоқтығын, оның жалғыз құпиясы қызметкерлердің еңбегінде екенін алға тартады. Әрине, қызметкерлер кез-келген компания үшін алдыңғы қатарлы активтерге жататыны даусыз.

Ал Майкл Блумберг өз қызметкерлеріне қалай мотивация береді? Әрі қарай бірге оқиық.

1. Жұмыс жайы мен қаражат жөнінде қызметкерлермен саудаласпау қажет

Блумберг ешкіммен жеке шарттары жөнінде талқыға түспейді. Оның ойынша, жалғыз адамның шартымен сәтті кәсіп жасау екіталай. Ең маңыздысы – қызметкердің компания жұмысын орындау барысында жан-тәнімен, ризашылықпен әрекет етуі. Сонда ғана командалық бірлік, командалық жұмыс өз нәтижесін көрсетпек.

2. Жұмысқа жаңа маман алар уақытта барлық әріптестермен кеңесу

Барлық қызметшілер өздері шешім қабылдап, қатарларына қосқан жаңа қызметкерді командалық жұмысқа тартуды көздейді. Ал егер де бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан қызметкерлердің біріне жаңа кандидат ұнамай қалса, оны қатарға қоспаған жөн. Өйткені, ол адам командалық жұмысқа кері әсер етуі мүмкін.

3. Ешкімге компанияның рөлін тапсырмаған жөн

Ешқандай қатардағы қызметкер ұжымды оның негізін қалаушыдан артық басқара алмайды. Сондықтан, Блумберг компанияның ішкі саясатымен және қоғаммен байланыс жұмыстарымен өзі жеке айналысады. Сондай-ақ, ол компанияның топ-менеджерлерінен БАҚ алдындағы, қызметкерлер мен тұтынушылар алдындағы ашықтықты талап етеді.

4. Компания қызметкерлеріне 24 сағат бойы үлгі көрсетіп жүруі қажет

Ұжым басшысы жұмыс барысында да, жұмыстан тыс уақытта да қызметкерлердің көз алдында жүруі керек. Сол кезде ғана сапалы еңбек, өнімді жұмыс атқарылмақ. Ал егер басшы адамда мұндай қасиет болмаса, оған басқару қабілетін әлі де шыңдай түсу қажеттігі туындайды.

5. Әрбір қызметкерден өзін әрдайым жетілдіріп отыруды талап ету

Майкл Блумбергтің барлық компанияларына ортақ стратегия – ұсынылған қызметтерді үздіксіз жаңартып отыру. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін тек қана әрбір қызметкер өз қабілетін, өз білімін ұштап отырғаны абзал.

6. Дресс-кодты толықтай жойған дұрыс

Блумбергтің компаниясында джинсымен, ұзын шапан, жеке сән үлгісімен жүретін жастар да жұмыс жасай алады. Ал олардың жеке қызығушылығына жұмыс талаптарына байланысты қол сұғу – қате әрекет. Блумбергтің ойынша, маманның компанияда бағаланатын дүниесі – оның сырт кейпі емес, жұмыс қабілеті.

7. Қатардағы қызметкерлермен жиі байланыс жасау

Компания басшысы үшін жұмысшылармен, төменгі деңгейдегі қызметкерлермен сөйлесіп, олардың ой-пікірін тыңдап тұру маңызды. Өйткені, үлкен жобалардың барлығы кішкене ғана қадамдардан басталатынын ұмытпаған жөн. Блумберг қателік жасаған адамның өзіндік шешім шығаруына кедергі жасамайды және бұл әрекетінен өзі қорықпайды.

Міне, сәтті кәсіп жасаудың негізгі көздері, негізгі қағидалары – осылар. Жақсы команда – жарты бизнес. Қызметкерлердің әрекет ету сапасы арқылы компания өседі немесе құлдырайды.

Ал өсетін компанияның іргетасын қалау үшін жақсы команда жинау қажеттілігі туындап тұрғаны рас.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір