• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:17:14
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2019 Денсаулық

«Рашмедке» рахмет айтқан күн

Жылына бір рет медициналық орталыққа барып, "моторыңыздың" күшін тексертіп тұрсаңыз, артық етпейді.

Шығыс емі, хиджама, сүлік салу секілді шипа түрлері соңғы жылдары белең ала бастаған. Осы үрдіс дамыған сайын тұтынушылар талабы да арта түсті. "Халық қаласа, хан түйесін сояды" деген тәмсіл бар. Елдің қалауымен, жұрттың жаппай сұранысымен Алматыда ашылған "Рашмед" шығыс медицинасы орталығының лента қию рәсіміне Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі арнайы барып қайтқан еді.

"Біздің мақсатымыз – батыс медицинасындағы антибиотикпен емдеу, екпемен, химиялық дәрі-дәрмектермен емдеу секілді шипагерлікті шектеу. Қазақтың тән саулығы үшін қызмет ету", - деп бастады жиынды аталмыш медицина орталығының бас дәрігері Рашхан Сыдайқызы.

Мерекелік қойылымнан...

...Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан кең ауладағы еңселі үйге кіріп бардық. Есік алдында орналасқан кішігірім сахна, жағалай қойылған орындықтар мен жайылған дастарханнан тойдың иісі аңқып тұрғандай.

"Той десе қу бас домалайды" демекші, шақырылғаны бар, дүрмектің дүбірін арттыруға сұранып келгені бар бір қауым елдің қарасы жиылды. Тізгін эстрадамызда беделі бар, елге әйгілі "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың қолында.

Жиын "Рашмед" медициналық орталығының ашылу салтанаты болса да, оның басты ерекшелігі – алда келе жатқан Екінші дүниежүзілік соғысының 74 жылдық мерейтойын ескеруінде еді. Алатау ауданының еңбек және тыл ардагерлерін арнайы шақыртқан орталық иелері кең дария қарттардың ақ батасына, ыстық лебізіне бөленді.

Алатау аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Құдайберген Қабдулдин бастаған ақсақалдар Рашхан Сыдайқызына алғыс білдіріп, жасаған жұмысына, көтерген бастамасына ақ жол тіледі.

Сахнада ел рухын көтеріп, шат-шадыман көңіл-күй сыйлайтын әндер орындалды, күй шертілді. Осындай кішігірім мерекелік қойылымнан кейін ашылу салтанатының ресми рәсіміне де кезек келді.

Әлгінде ғана сөз сөйлеп, айтулы жиынды ашып берген құрметті қонақ – Алтау аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Құдайберген Қабдулдин "Рашмед" шығыс медицинасы орталығының лентасын қиды.

"Рашмед" ардагерлерге құрмет көрсетті

Қартын сыйлаған елдің азып-тозбасы, бата алған ұрпақтың бақытты болары анық қой. Қытай ұсынған қомақты қаржыны тәрк етіп, атажұртқа қоныс аударып келгендегі Рашханның мақсаты да осы – қандастарының тәніне Алладан шипа сұрап, сол шипаға сеп болу.

Жеңіс күні қарсаңында өз есігін айқара ашқан медициналық орталықтың иелері аудан ардагерлерін сый-сияпатсыз қалдырмады.

Еңбек және тыл ардагерлерінің белі ауырып, балтыры сыздай қалса, қызметке даяр екендіктерін көрсетіп, баға жеңілдіктерін, яғни, жеңілдік сертификаттарын берді. Мұнда аптаның жұма күндері соғыс ардагерлеріне, еңбек және тыл ардагерлеріне науқастарының деңгейіне қарай тегін емдеу, түрлі жеңілдіктермен емдеу сияқты жолдары қарастырылған.

Қарттардың көңіліне жақын жүретін азаматтардың бастамасына елге сөз айтатын, көнекөз қарттардың қатты разы екеніне бүгінгі жиында да көз жеткіздік.

Арнайы шақыруды жерде қалдырмаған аудан ардагерлерінің көбісі көкіректеріне орден-медальдарын қадап, алдыңғы қатардан табылды. Бұл да – жаңа ашылған орталыққа деген сенімнің көрінісі.

Рашхан Сыдайқызы – қазақтың өз емін өзіне шекпен жауып қайтарып жүрген қыз

Жазбаны оқып отырып, "е, бүгін ашылып, ертең жабылатын көп клиниканың бірі ғой" деп ойлап қалуыңыз да ғажап емес. Олай ойласаңыз, әрі қарай оқыңыз.

Рашхан Сыдайқызы – Қытайда туып, сол жақта оқу бітіріп, жұмыс жасаған азаматша. Тегі де, бітім-болмысы да, қаны мен жаны да қазақ. Бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтеріліп тұрса да, Қытайдағы мансабын, табысын құрбан етіп, атамекенге оралады.

Сондағы мақсаты – қолымнан келген емім, жиған білімімнің шапағаты қазаққа, қандас бауырға тисін деген ой. Ол химиялық медицинаның адам ағзасына уақытша тыныштық бергенімен көп жағдайда өзге мүшелерді бүлдіретінін біледі. Сол үшін қазақтың сайын даласындағы түрлі шөптерді пайдаланып, емдеу машығын арттыра түскен.

Қазіргі уақытта қан қысымының жоғарылауы, өлі қан, асқорыту мүшелеріндегі дерттер, жүйке жүйесінің және бүйрек, зәр шығару жолдарының сыр беруі жасарып әрі көбейіп кеткен. Осы дерттердің бәрінің емі бар әсілінде. Шөппен емдеу, тұзбен, балшықпен, құммен емдеу бағытындағы дүниелерді Рашхан ханым хандық дәуірде жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты кітабынан бастап, бүгінгі дамыған технологиясына дейін оқып, зерттеп келеді.

"Рашмед" үшеу болды

Осындай ұлы мақсат оны елге алып келді. Елге келген Рашхан ханым бәрін басынан бастауға мәжбүр еді.

Оның Нұр-Сұлтан қаласында, Өскемен қаласында ашқан орталықтары жұртшылықтың жаппай ықыласына бөленіп, белі ауырып, балтыры сыздаған азаматтардың барлығына ұнады. Сол ықылас пен алғыс Рашхан ханымға Алматы қаласынан бөлімше ашуға түрткі болды.

Ойда жүрген ізгі мақсаттың орындалуын Жаратқан бүгінгі күнге бұйыртқан екен.

Жиында болып, тілек айтқан, лебіз білдірген, бата берген қарттардың барлығы өз разылықтарын танытып, төрт қабаттан тұратын медициналық орталықтың алдағы жұмысына сәттілік тілеп тарқасты.

Енді Алатау ауданының көркі одан әрі арта түспек. Дене шынықтырғыңыз келсе – "Алматы Арена" спорт кешеніне, руханиятыңызды байытқыңыз келсе – "Алатау" дәстүрлі өнер театрына, түшкіріп, тұмау тисе – "Рашмед" медициналық орталығына тартасыз.

"Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады" дейді дана халық. Жылына бір рет медициналық орталыққа барып, "моторыңыздың" күшін тексертіп тұрсаңыз, артық етпейді.

Оқи отырыңыз:

♦Рашхан Сыдайқызы: Орысша білмегендіктен Президент емханасында жұмыс істеуден бас тарттым

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір