• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:16:38
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2019 NEWS

Темекіні тастауға 100 пайыз көмектесетін тәсіл

Темекіге тәуелділіктен арылтудың жүз пайыз жүзеге асатын жаңа жолын ойлап тапты

Америка ғалымдары темекіге тәуелділіктен арылтудың жүз пайыз жүзеге асатын жаңа жолын ойлап тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі New England Journal of Medicine баслымына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстарына 6000-ға жуық адам қатысқан. Еріктілер топ-топқа бөлініп, әр топқа зиян әдеттен арылтудың сан түрлі әдістері қолданылған. Бір топқа тек қана темекінің денсаулыққа қаншылықты кері әсері бар екені туралы ақпарат берілсе, келесі бір топқа электрондық темекілерге өту ұсынылған. Ал ендігі бір топқа қаржылай сыйақы уәде етілген. Кімде кім алты ай бойы темекі тартпайтын болса, сол адамға 600 доллар төленетінін айтқан.

Зерттеу нәтижесі бойынша, ақшалай сыйақы ұсынылған топ едәуір жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Темекіден тыюдың дәстүрлі әдістері 0,5 пайыздан 1 пайызға дейінгі ғана нәтиже берсе, ал тың тәсіл бойынша сыналғандардың көрсеткіші алдынғылармен салыстырғанда бірнеше есеге көп.

Мамандардың пікірінше, бұл жаңа әдіс өз қызметкерлеріне жаман әдеттен арылуға көмектескісі келетін компаниялар мен кәсіпорындар үшін пайдалы бастама болмақ.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір