• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 20:28:42
Кекілбаевқа арналған кеш

09 Мамыр, 2019 NEWS

Украина не себепті зейнетақы беруден бас тартып жатыр?

Ол туралы Ардагерлер істері жөніндегі министр Ирина Фриз өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында ресейлік төлқұжат алған Украина азаматтары әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақыларынан айырылуы мүмкін. Ол туралы Ардагерлер істері жөніндегі министр Ирина Фриз өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі украиналық espreso.tv сайтына сілтеме жасап.

«Украина тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар немесе зейнетақы алуға байланысты бенефициар мәртебесін беруден бас тарту үшін Ресей төлқұжаттарын алған азаматтарды деректер базасына қосу туралы ұсынысты өңдеуді бастадық», - деп жазды Ирина Фриз.

Бұдан бұрын Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман, Украинаның министрлер кабинеті Донбасста Ресей берген төлқұжаттарды заңсыз деп тану туралы шешім шығаратынын хабарлаған болатын.

Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Донбасстың тұрғындарына төлқұжат беруді жалғастыратынын, Украина тарапынан мұны заңсыз деп тануы жағдайды өзгертпейтінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путин осы жылдың 24 сәуірінде Донецк және Луганск халық республикаларына ресейлік төлқұжаттарды жеңілдетілген түрде беру туралы жарлық шығарған болатын. Құжат ресми түрде жарияланғаннан кейін бірден күшіне енді.

Украинаның президенті Владимир Зеленский, Мәскеудің бұл қадамына «тез әрі ақылды» жауап қайтарамын деп уәде еткен. Ал Петр Порошенко болса Украинаның төлқұжаты әлемді саяхаттау кезінде ресейлік төлқұжаттың алдын орайтынын айтты.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір