• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Шілде, 10:00:51
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

09 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда "Мәңгілік данқ" шеруіне 200 адам қатысты

Атырауда "Мәңгілік данқ" шеруіне 200 адам қатысты.

Мұнайлы астанасының көшелерінде «Мәңгілік данқ» акциясы өтті.

Бүгін 8 мамыр күні - Атыраудың 200-ге жуық тұрғыны әскери оркестрмен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суреттерімен Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара барысында бастарын өлімге тіккен ардагерлеріміздің ерлігіне тағзым еткен Атырау қаласы әкімі орынбасары Ұлықбек Тналиев тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтады.мангилик

- «Мәңгілік даңқ» Ұлы Жеңіс Күніне орай ел тыныштығы үшін, бейбіт өмір үшін сұрапыл соғыста жанын аямай жау соққысына төтеп беріп жерімізді қорғап қалған ата-бабаларымызды, батыр ардагерлерімізді еске алуға арналған,- деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздар мен бүгінде арамызда жоқ майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастау алды.

Айта кетейік, биыл Ұлы Отан соғысы жеңісіне 74 жыл.мангилик

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір