• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 15:41:03
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

11 Мамыр, 2019 IT

Кәсіпкер үшін қажет болатын маңызды қосымшалар

Сіздің гаджетіңізге арналған арнайы қосымшалар – қолайлы өмір сүруіңізге көмектесетін керемет дүниелер.

Біз отандық кәсіпкерлерге бір пайдасы тиер деген оймен маңызы зор смартфон, планшет немесе ноутбукте пайдаланылатын қосымшалар тізімін жасадық. Біздің тізімге қарап, өз гаджетіңізді маңызды дүниелермен толықтырыңыз!

1. Anу.dо

Тізімді must-have (болуы тиіс) қосымшалардан бастайық. Кәсіпкер үшін барлық әрекет маңызды рөл ойнауы мүмкін. Оларды елемеу мүмкін емес. Ал барлығын бірдей жаттап алуға адам жадының қабілеті жеткіліксіздеу. Демек, оған сенім артып, тәуекелге бел буудың қажеті шамалы. Өйткені, біз ұсынып отырған бұл қосымша – күнді сәтті әрі жоспардағыдай өткізуге жәрдем беретін бірден-бір көмекші құрал.

2. Дыбысты ескертпе

Әлемде ертеден бері өзгермей әрі жоғалмай келе жатқан мынадай қағида бар: "Егер басыңа бір идея келсе, оны тез арада жазып қой. Мейлі ол идея саған түн ішінде келсе де". Ал біз ұсынып отырған бұл қосымша сізді түн ортасында немесе мезгілсіз уақытта қағаз-қалам іздеп жүруден құтқарады. Өйткені, бұл қосымшаға жазылған сіздің дауысыңыз автоматты түрде мәтін қалпына көшеді. Міне, барлық мәселе шешілді. Айтпақшы, қосымшаның аты "Дыбысты ескертепелер" ("Гoлосовые замeтки") деп аталады.

3. LаstPass және өзге қауіпсіздік

Бүгінгі күні ұрланған немесе жоғалған смартфон тек оның қаржылай ғана бағасымен емес, сонымен қатар, онда жазылған ақпараттарымен құнды. Сондықтан, смартфон қауіпсіздігін сақтау үшін біз ұсынып отырған қосымшаны жүктеп алыңыз. Қосымша сізге жалғыз шифр ұсынады. Сіз оны жақсылап есте сақтап алсаңыз жеткілікті. Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамаңыз.

4. Wundеrlist

Біз ұсынып отырған кезекті қосымша командалық қызметтегі адамдар үшін, әсіресе команданы басқаратын тұлға үшін өте қажет дүние. Аталмыш қосымша барлық платформалармен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, берілген тапсырманың орындалу уақытын, қайталануы тиіс әрекеттің периодын, тапсыманың орындалу барысын қадағалайды. Демек, бұл қосымша сапалы еңбек пен дұрыс басқаруды қамтамасыз етеді.

5. Money Lover. Қаржы менеджері

Қаржы менеджменті – өте маңызды басқару түрі. Өз шығындарыңды қадағалап отыру – пайдалы тәжірибе. Ал кіріс мөлшерін әрдайым назарда ұстап отыру – кәсіпкерге мотивация беруі мүмкін. бұл қосымшада екі әрекет те қарастырылған. Осыған ұқсас көптеген қосымшалар чекті суретке түсіріп жүктеуді немесе түбіртекті енгізуді талап етеді. Ал бұл әрекеттер адамның уақытын алары сөзсіз.

Біз ұсынған "қаржы менеджері" шектеулі қаражатты тиімді пайдалануға, қажет дүниелерге жұмсауға үйретеді.

6. Gymbооm

Бұл қосымша спортпен шұғылданып, жиі залға барып тұратын жандарға арналған. Қосымшада жаттығу барысын қадағалау, салмақ өлшеу, келесі жаттығуда қандай әрекеттерді қайталау керектігі туралы ақпарат секілді маңызды дүниелер қарастырылған. Сонымен қатар, жаттығу тізімдері мен оларды орындау техникалары туралы нұсқаулық бар.

Кәсіпкер үшін тұрақты залға барып тұру міндетті іс іспетті. Өйткені, өз денсаулығыңды мүмкіндік бар бола тұра күтпеу – ақымақтық.

7. Bооkmate. Кітаптар және аудиокітаптар

Кітап – білім жетілдіру кілті. Ал аудиокітаптар – білімді қолайлы түрде жетілдіруге көмек беретін қосымшалар. Әрқашан кітап сатып ала беруге, оны өзіңмен бірге алып жүруге, оқитын қолайлы орын табуға мүмкіндік бола бермейді. Өкінішті ме? Жоқ! Өйткені, біз ұсынған қосымша арқылы қалаған кітабыңызды қалаған орында, қалаған уақытта оқи аласыз. Қосымша арқылы мәтін түріндегі кітапты оқуға және аудиокітаптарды тыңдауға мүмкіндік бар.

Заман көшінің алды төртінші индустриялық революция кезеңінің есігін қаққанда, біздің көштен кейін жүргеніміз жараспайды. Уақыт тапшы кезеңде барлығын қолайлы пайдалана білген жөн.

Ал сіздің гаджетіңізге арналған арнайы қосымшалар – қолайлы өмір сүруіңізге көмектесетін керемет дүниелер.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір