• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 16:00:08
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

08 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда "Мәңгілік данқ" шеруіне 200 адам қатысты

Бүгін 8 мамыр күні — Атыраудың 200-ге жуық тұрғыны әскери оркестрмен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің

Мұнайлы астанасының көшелерінде «Мәңгілік данқ» акциясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегін негізге алып. 

Бүгін 8 мамыр күні — Атыраудың 200-ге жуық тұрғыны әскери оркестрмен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суреттерімен Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Атырау

Іс-шара барысында бастарын өлімге тіккен ардагерлеріміздің ерлігіне тағзым еткен Атырау қаласы әкімі орынбасары Ұлықбек Тналиев тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтады.

«Мәңгілік даңқ» Ұлы Жеңіс Күніне орай ел тыныштығы үшін, бейбіт өмір үшін сұрапыл соғыста жанын аямай жау соққысына төтеп беріп жерімізді қорғап қалған ата-бабаларымызды, батыр ардагерлерімізді еске алуға арналған,- деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Атырау

Шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздар мен бүгінде арамызда жоқ майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастау алды.

Айта кетейік, биыл Ұлы Отан соғысы жеңісіне 74 жыл.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір