• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:23:44
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2019 Саясат

Зеленский Порошенконы туристпен салыстырды

Интерфакс мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Зелинскидің ұлықтау рәсімі туралы бес жобаның қарары бар.

Украинаның жақын арада сайланған президенті Владимир Зеленский, қазіргі атқарушы басшы Петр Порошенконың Қарулы Күштер және Жоғарғы сот ішінде жасаған өзгерістеріне таңданғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мамыр айының 10-жұлдызында, жұма күні Зеленский Порошенконы  бұрынғы президент деп атап, оның "кері қайтпайтын" бағытты ұстанғанын ашып айтты.

Зеленскийдің айтуынша, Порошенко әскердің жоғары қолбасшылығында белсенді өзгерістер жасап, теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі Ұлттық кеңестің төрағасының орнына "Рошен" заңгерлерін, "Майдан судьяларын" тағайындап, саясаткер Сергей Киваловтың туыстарын Жоғарғы сот судьяларының орнына жайғастырмақшы.

Сонымен қатар, Зеленский экс-президент "генерал шенін" 20-дан астам адамға таратқандығын айтып, қару-жарақ қоймаларының басшылығын қатаң сөгіске алды.

Осы орайда Зелинский Порошенконы Египет қонақүйіндегі туристпен салыстырды: "Порошенко швед үстелін жинап, сүлгілері мен аяқ киімдерді алып кететін адам секілді", - дейді Зеленский.

Интерфакс мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Зелинскидің ұлықтау рәсімі туралы бес жобаның қарары бар. Олар 19-мамыр, 20-мамыр және 1-маусымда іс-шараны өткізуге арналған ұсыныстардан тұрады.

21-сәуірде Украинада президенттік сайлаудың екінші туры өтті. Зеленский 73,22% дауысқа ие болды, елдегі қазіргі президент Петр Порошенко 24,45% алды. Мемлекетті өз тізгініне алған жаңа басшысының ұлықтау салтанаты сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін 30 күн ішінде өткізілуі тиіс.

Ұсынған: Бек Байтас

Дәурен Сыбанбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір