• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:30:28
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Украиндық әскерилер өз командирін өлтіріп тастады

Донбасста украиндық сарбаздар ДХР аймағына әскери операцияға барудан бас тартып, бұйрықты орындатуға тырысқан командирді атып тастады

Донбасста украиндық сарбаздар ДХР аймағына әскери операцияға барудан бас тартып, бұйрықты орындатуға тырысқан командирді атып тастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ДХР оперативті қолбасшылығының өкілі Даниил Безсоновтың айтуынша, ВСУ 35-ші бригада командирі Николай Палас жоғары косбасшылықтың көзіне түсу үшін 88-ші батальон капитаны Голикке ДХР аймағына барлау жұмысын жасауға бұйрық берген.

"Голиктің қол астындағы сарбаздар бұйрықты орындауға бас тартты. Себебі, өткен жолғы ДХР ймағына барлаудың сәтсіз өтуі және әскерилердің бірінің қаза табуы болды. Голик өз сарбаздарын әскер трибунал мен түрмеге қамаймын деп қорқытқан. Сөз талас кезінде сарбаз командирін автоматпен атып өлтірді", - деді Безсонов.

Сонымен қатар, оқиғадан кейін бригада командирі Палас капитан Голикті ДХР-дің оқ жаудырғанан өлді деп көрсетуіне бұйрық берген. Осылай командир оқиға таралуын шектеп, қылмыс үшін жауапкершілік құтылғысы келген.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір