• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:40:32
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2019 NEWS

Атақты француз режиссері өмірден озды.

Атақты "Звук и ярость", "Белая свадьба" және "Девушка из ниоткуда" кинотуындыларының режиссері, француз азаматы Жан-Клод Бриссо 74 жасында  қайтыс болды

11-мамыр күні Париж қаласында атақты "Звук и ярость", "Белая свадьба" және "Девушка из ниоткуда" кинотуындыларының режиссері, француз азаматы Жан-Клод Бриссо 74 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Франс-Пресс басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті мекемелер режиссердің неден қайтыс болғаны туралы ақпаратты көрсетпеді. Режисердің таныстары оның ұзақ уақыт ауырып, ауруханада көз жұмғанын растады.

Бриссо өзінің  "Жастар қазылығының арнайы сыйлығын" алған "Звук и ярость" фильмінің арқасында 1988 жылы Канн кинофестивальінде екі жүлдеге ие болған, ал 2003 жылы режиссерға "Тайные страсти" фильмі "Жылдың ең үздік кинематографисті" атағын алып берді.

Кадр из фильма Девушка из ниоткуда (La fille de nulle part ), режиссер Жан-Клод Бриссо (Jean-Claude Brisseau)

 

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Бриссо Локарно қаласында 64-ші кинофестивальдің жеңімпазы атанып, "Алтын леопард" номинациясының иегері болды, сонымен қатар "Девушка из ниоткуда" кинолентасы үшін 90 мың швейцар франкімен қоржынын толтырған.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір