• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 08:31:44
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

13 Мамыр, 2019 Саясат

Сәдібек Түгел үгіт-насихат науқанын түнгі клубтан бастады

Түнгі клубқа арнайы келген үміткер жастардың бұл жүрісінің қазақстандық қоғамға кері әсер ететінін айтты.

Кезектен тыс президент сайлауының жеті кандидатының бірі – Сәдібек Түгел аталмыш науқанды түнгі клубтан бастауды жөн санапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттың болашағы жастардың қолында екенін, жастардың санасының азат әрі сау болуын ұран етіп жүрген үміткер түнгі клубтарға арнайы барып, жастарға ақылын айтқан.

Оның айтуынша, ел болашағы жарқын болуы үшін жастардың мұндай орындарда жүргені әсте дұрыс емес. Олардың тәртібін түзеу үшін түнгі клубтарды біржола жабу қажет.

Сәдібек Түгел

"Біз – таза ұлтпыз. Біздің жастар ішімдікті қымызға ауыстырып, қыздарымыз етегін ұзартуы тиіс", - дейді Сәдібек Түгел.

Түнгі клубқа арнайы келген үміткер жастардың бұл жүрісінің қазақстандық қоғамға кері әсер ететінін айтты.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір