• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 01:26:07
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

13 Мамыр, 2019

Тағы да плакат дауы: бұл жолғысы тіпті сорақы

"Қалай ойлайсыздар? Қамайды ма? Меніңше, арандатушылық жасап отырған жоқпын" деп жазған.

Нұр-Сұлтан қаласында плакат ұстап тұрған кейіп танытып, әлеуметтік желіге жазба жариялаған белсенді Жанбота Әлжанованы полиция қызметкерлері қамауға алған. Бұл туралы белсендінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

6-мамыр күні Әлжанова өзінің суретін желіге жүктеп, астына "Қалай ойлайсыздар? Қамайды ма? Меніңше, арандатушылық жасап отырған жоқпын" деп жазған.

Белсендінің сұрағына құқық қорғау органының қызметкерлері оны Оралда тұтқындап жауап берді. Қамауға алуға себеп – оның ешбір жазуы да, өзі де жоқ плакатты ұстап тұруы.

Полиция қызметкерлері оны тұтқындау барысында күш қолданып, көлікке қинап кіргізген. Содан кейін тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп, оның азаматтық позициясы мен әлеуметтік желіні қолданудағы мақсатын сұраған.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір