• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:27:37
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 Саясат

Әміржан Қосанов халықтан көмек сұрады

Сондықтан негізінен қалталы азаматтарға өтініш жасап отырмын.

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан үміткерлердің бірі Әміржан Қосанов халықтан, нақтылай айтсақ, қалталы азаматтардан көмек сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ел арасына аты танымал болып үлгерген белсенді кандидат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, сайлаудың салмағы қалтасына ауыр түсіп жатқанын, қалталы һәм тілеулес азаматтар болса көмек беруін сұрады. Жазба астына ол өзінің банктегі есеп-шоттарын қалдырған.

Оқырманға түсінікті әрі қолайлы болуы үшін кандидат жазбасының мәтінін толық беруді жөн көрдік.

"Сайлауға түсемін деп шешкенде өзіме ерекше әсер еткен екі нәрсе болды.

Бір зейнеткер ағамыз "бір пенсиямды беремін!", ал бір студент "пәтерде тұратын жеті жігіт үш мың теңгеден қосып, 21 мың теңге берсек, аз болмай ма?", - деп еді. "Ее, мен де керек екенмін ғой еліме!", - деп бір жасап қалып едім.

Міне, сайлау науқаны басталды!

Сөйтсем, қаржы мәселесі шешуші фактордың бірі екен!

Өзімнің жиған-тергенім бар, қаржылы жора-жолдастар да бар. "Бір айлық қана науқанға сол жеткілікті болып қалар" деп ойлағанмын.

Сөйтсем, сайлаудың салмағы басқаша екен!

Насихат материалдарын басып-шығару, оларды тарату, облыстардағы штабтарды қолдау, менің және сенімді өкілдерімнің іссапарлары, кездесу өтетін ғимараттарды жалға алу, насихатшы және ертеңгі күні бақылаушы болатын азаматтардың қызметі деген қомақты қаржыны қажет ететін шаруа шаш етектен екен. Сол себепті аудандық штабтарды құру қиын боп жатыр.

Сондықтан да заңға сәйкес ашылған арнайы есеп-шотымды жариялап отырмын.

Онсыз да қиналып жүрген ағайынға қолқа салғаным ыңғайсыз болар. Сондықтан негізінен қалталы азаматтарға өтініш жасап отырмын.

Осында біраз ағайын еліміздің түкпір-түкпіріне шақырып жатыр. Оған рахмет! Бірақ, барша өңірді шарлап шығуға осы қаржы жағы қолбайлау болып отырғанын қалай жасырайын? Мәселен, осы күндері машина жалдап, республикалық штаб орналасқан Астанаға жақын солтүстік облыстарды аралауды бастадым. Сондықтан да қол ұшын берем деген кез келген қаржылы азаматқа риза болар едім".

Біршама уақыт бұрын редакциясы ОСК жариялаған сайлау шығындарының мөлшерін оқырман назарына ұсынған еді. Ол мақалаға келесі гиперсілтеме арқылы өте аласыз:

  1. ОСК сайлауға бөлінген қаржыны атады

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір