• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:16:54
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 NEWS

Шығыс Қазақстан облысында үй өртеніп, ер адам қаза тапты

«Өрт сөндіру кезінде 1965 жылы туған ер адамның мәйіті анықталды», - деді Төтенше жағдайлар департаменті...

Алтай ауданында жер үй түгелімен өртеніп кетті. Өрт салдарынан бір ер адам қаза тауып, қалған төрт адамды ауруханаға жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Өрт Путинцев ауылында болған. Үй өртеніп жатқанын көрген куәгерлер дереу құтқарушыларды шақырған. Көршілер өртке оранған үйден 65 және 35 жастағы әйелді, сонымен қатар 14-тегі қыз баланы және 4-жасар баланы алып шықты деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті. Зардап шеккендер жедел-жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, дереу ауруханаға жеткізілді.

«Өрт сөндіру кезінде 1965 жылы туған ер адамның мәйіті анықталды», - деді Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрттің жалпы ауданы – шаршы метр. Бұл жағдай электр желісін дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір